Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2209 0 пікір 19 Маусым, 2012 сағат 12:50

Министрдің қуанышы мұғалімге жұбаныш бола ма?

Үздіксіз дамып отыруы тиіс білім саласы алдағы уақытта да реформалардан кенде болмайды. Кеше мәжілісмендер алдында білім беру­ді дамыту тура­лы мемлекеттік бағдар­ла­маның іске асырылу барысы мен  алдағы міндеттері туралы білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов есеп берді.

«Сіздермен кездесіп отырғаныма ө-өте қуаныштымын», - деп бастады сөзін білім министрі Бақытжан Жұма­ғұл­ов. Расында, мұндай кездесуге ҰБТ бас­талғалы бері басынан сөз кетпеген бас білімгер шын қуанды ма - ол жағы белгісіз. Алайда министрлік жаңалы­ғын дүркін-дүркін нысанаға алып, тестілеу­дің кешендісін де, бірыңғайын да сын тезіне салып жатқан  депутаттық кор­пус көптен күткен тәрізді еді. Енді, міне, білім саласының бірінші бас­шысы көкейдегінің бәрін естіп, жүз­бе-жүз жауап қатуға сақадай сай келіп­ті. Бас-аяғы 16 беттік баян­дамасына 30 минут шығындаған министрдің мәлі­метіне көп тоқтамай, ондағы жұрт күте­тін жаңалықтарға жүгінсек.

Министр мұғалімнің жалақысын мандытпақшы

Үздіксіз дамып отыруы тиіс білім саласы алдағы уақытта да реформалардан кенде болмайды. Кеше мәжілісмендер алдында білім беру­ді дамыту тура­лы мемлекеттік бағдар­ла­маның іске асырылу барысы мен  алдағы міндеттері туралы білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов есеп берді.

«Сіздермен кездесіп отырғаныма ө-өте қуаныштымын», - деп бастады сөзін білім министрі Бақытжан Жұма­ғұл­ов. Расында, мұндай кездесуге ҰБТ бас­талғалы бері басынан сөз кетпеген бас білімгер шын қуанды ма - ол жағы белгісіз. Алайда министрлік жаңалы­ғын дүркін-дүркін нысанаға алып, тестілеу­дің кешендісін де, бірыңғайын да сын тезіне салып жатқан  депутаттық кор­пус көптен күткен тәрізді еді. Енді, міне, білім саласының бірінші бас­шысы көкейдегінің бәрін естіп, жүз­бе-жүз жауап қатуға сақадай сай келіп­ті. Бас-аяғы 16 беттік баян­дамасына 30 минут шығындаған министрдің мәлі­метіне көп тоқтамай, ондағы жұрт күте­тін жаңалықтарға жүгінсек.

Министр мұғалімнің жалақысын мандытпақшы

Сонымен, орта білім жүйесін жа­ңар­ту бағытында министрлік мұғалім мәр­тебесін көтеруді басты міндет са­най­ды. Ол үшін ең бастысы ұстазға ла­йық­ты еңбекақы төлеу қолға алынады. «Мем­лекеттік бағдарламада қамтыл­ған­дай, 2015 жылға қарай педагогтер­дің жалақысы жеке сектордағы жала­қы­ның деңгейімен теңесетін болады. Бұл бүгінгі жалақыға қарағанда екі-үш есеге артық», - деген министр Бақыт­жан Тұрсынұлы ұстаздар үстемеақысы­на депутаттардан қолдау күтетінін жет­кізіп, бар мәселенің жүгін осыған қа­рай аудара салған секілді көрінді. Мұға­лім мәртебесін арттырып, ұстазды ұла­ғаттылар қатарынан көрсетудің та­ғы бір қыры педагогтерді даярлау са­па­сына қатысты екені даусыз. Мұнда да министрлік ұстанымы өзгере баста­ған. Мәселен, мемлекеттік грантты ие­лену балы төмен саналатын педагог ма­ман­дарды даярлайтын оқу орында­ры­на талап күшейтіле береді. Сосын ми­нистрлік елдегі педагогтер даярлай­тын 89 жоғары оқу орнынан 43-іне ғана рұқсат қалдырып, 46-сына тыйым салыпты. Ендігәрі педагогтер даярлығы әлемдік тәжірибемен ұштасып, Қазақ­стандағы мұғалімдердің тең жартысы қай­та даярлаудан өтеді.

Елді елең еткізерлік келесі бір мәселе - үштілді оқыту жүйесі. Жасы­ра­тыны жоқ, қоғам «үштілділік керек пе, жоқ па» деп жүргенде Бақытжан Жұ­­мағұлов  мырза сөзден іске кірісіп те кеткенін аңғартты. «Қазақ тілі - ұлтымыздың рухы, рухани байлығы, оны білу әрбір Қазақстан азаматының борышы деп білеміз. Ал орыс тілі - біздің ортақ байлығымыз, оны жоғалт­пауымыз керек. Ғылымға, инновация­ға, технология мен бизнеске жол аша­тын ағылшын тілін біліп, үйренуіміз қажет», - деген министр қазірдің өзін­де 33 мектепте 1 сыныптан бастап ағыл­шын тілін оқыту жүзеге асқанын атап өтті. Енді келесі жылдың қыркүйе­г­і­нен бастап аталған тәжірибе барлық мектепке енгізілетін болады. Яғни алдағы уақытта мектептің табалдыры­ғын аттаған бүлдіршін ағылшынша тіл сындырады. Сөйтіп, есейе келе мектеп қабырғасында жүріп-ақ, кезең-кезе­ңімен кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқуды игереді.

Қазақстан студенттер саны жағынан әлемдік ондықта тұр

Мемлекеттік бағдарламаның басты бір бөлігі жоғары оқу орындарына қа­тыс­ты болатын. Ал ведомство басшы­сы­ның сөзіне сүйенсек, бұл бағытта әлі де өзгерістер жетіп-артылады. Деген­мен өзгерістердің дені де алдымен сапа­ға қатысты болатыны белгілі.

Ресми мәліметке сүйенсек, қазіргі таңда елі­мізде 143 жоғары оқу орны бар болса, ондағы студенттер контингенті 629,5 мың адамды құрайды екен. «Егер әлемде орта есеппен алған­да 10 мың адамға 232 студенттен келсе, Қазақ­станда бұл 377 студентті құрайды. Біз осындай көрсеткішпен АҚШ, Ресей және тағы басқа бірнеше елден кейінгі әлемдегі бірінші ондықтамыз. Алайда Еуропа­дағы қауіп­сіздік және ынтымақ­тастық ұйымының көптеген дамыған елінде жағдай басқаша. Мәселен, Жа­по­ниядағы көрсет­кіш - 222, Германияда 285 адам­ды құрайды. Сон­дықтан да экономиканы қажет­сіз кадрлармен толтыра бермес үшін жоғары оқу орында­рының желісін оңтай­лан­дыру қажет болып тұр», - деді Бақытжан Жұмағұлов. Сөйтіп, студенттер саны жағынан Қазақстан әлемдік ондыққа енетін ел екен. Ал сол студентті даярлайтын оқу орны­ның сапасынан ондыққа қашан ілігетініміз ешкімге де белгісіз. Дегенмен министр мырза алған бетінен қайтпайтындығын танытып, білім сапасы төмен ЖОО-ларды жаба беретінін айтып қал­ды. Дегенмен бұл да оңай шаруа емес екен. «Бұған дейін алты университетті жаптық. Ендігіде ағым­дағы жыл барысында тағы 29 университетті жабуды жоспарлап отырмыз. Жалпы ал­ған­да, жоғары оқу орындарын жабу білім меке­ме­лерінің рейтингін есепке ала отырып, жүйелі түрде сот тәртібімен жүзеге асатын болады. Біз жоғары оқу орындарын 5-6 критериймен тексереміз. Әрбір университеттің рейтингін де қада­ға­лай­мыз. Ең басты көрсеткіш түлектердің білім жетіс­ті­гіне байланысты», - дейді министр.

 

ҰБТ білім сапасының қандай екендігін көрсетті

Министрдің мемлекеттік бағдарлама туралы баяндамасынан соң алғашқы сауалдардың бірі, көпшілік күткендей, ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты болған еді. Оның ішінде елордадағы Аграрлық университетте өткен тестілеу барысында түлектерді түгелдей тінтіп, тіміскілеуге барған қызметкерлердің «ыңғайсыз» тірліктері үлкен дауға айналғаны белгілі. Сосын колледж түлектерін толғандыратын кешенді тестілеудің деңгейіне де депутаттар түсінбеушілік танытқан. Мұндай сауалдарға сақадай сай келген білім министрі Бақытжан Тұрсынұлы ҰБТ мәселесін тұтастай қамтып жауап берді. «Бұл бұқаралық ақпарат құралдарының бірінші бетінен түспей келе жатқан мәселе ғой», - деп бір күрсініп алған министр мырза әлгі аграрлық университеттегі «тінту» оқиғасына қазақтың «бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» деген мәтелін қолданып тастады. «Сарыарқа ауданы ішкі істер қызметкерлері «шаш ал десе, бас алатын» әдетке басып, ыңғайсыздық жасапты. 154 тестілеу орталығының басқа ешқайсысында дәл осындай ыңғайсыздық орын алған емес. Сол үшін менің орынбасарымнан бастап, комитет төрағасы, жауапты тұлғалар тұтас сөгіс естіді. Осы тестілеу пунктінің басшысы орнынан босатылды», - дейді министр мырза. Бұл ретте Бақыт­жан Тұрсынұлы қоғамда балалардың бәрін тексеріп жатыр екен деген ой тумауы тиістігін айтып: «Мен өзім мұны қолдамаймын, балаларды тінтімек тұрмақ, қол тигізбеу туралы тапсырманы да бергенмін», - деп ақталды.

Биылғы бірыңғай тестілеу нәтижесіне тоқ­тал­сақ, 117 мың бала сынаққа қатысса, олардың орташа балы 70,9 пайызды көрсеткен. Бұл был­тыр­ғыға қарағанда 16 пайызға төмен. Неге төмен? Министр сөз арасында осы сауалға да кеңі­рек тоқталды. «Біріншіден, биылғы ұйым­дас­тырушылық жұмысымыз өте жоғары болды. Екіншіден, жыл сайын тест тапсырмаларын 30 па­йызға жаңғыртып отыруымыз керек болатын. Өкінішке қарай, бұл соңғы жылдары жасалмады. Сондықтан да оқушылар тестінің кейбір сұрақ­тары қалталарында болмай қалғанына таңғалған болуы керек. Дегенмен бұл - мемлекеттік стандарттарға сай жасалған жаңалық», - деп ақталды. Бір сөзбен айтқанда, министр тестінің әділ өткендігін, бұрынғыдай күмәнді балдар болмағанын алға тартады. Сосын дәйек­ті деректерді де айтады. «Мысалы, Алматы қаласында талантты балалардың физика-математика мектебі бар. Міне, дәл осы мектептің көрсеткіші соңғы уақытта түсіп, керісінше, шал­ғай ауылдағы 400-500 бітірушінің орташа балы 97-100-ге жетіпті. Сонда ауылда барлық пән тек «4-5»-ке оқытылады дегенді білдіре ме?! Осындай олқылықтарды болдырмау үшін біз жыл бойы мониторинг жүргіздік», - дейді Бақыт­жан Тұрсынұлы. «Әрине, тестілеудің тө­мен­гі көрсеткіші министрліктің жеңісі емес. Бұл ҰБТ-ның ашық, әділ, ұқыпты өткенін білдіреді. Дегенмен мұның өзі оқушыларға берілетін білім сапасын қайта қарастырудың қажеттігін білдіреді. Білім сапасы әлі де жеткіліксіз», - дейді министр. Тоқтала кететін жайт, биылғы ҰБТ-ның табалдырық межесін 43 мың түлек немесе тап­сырушылардың 36 пайызы еңсере алмаған. Ал 2011 жылы бұл көрсеткіш 12 мың ғана адам­ды құраған еді. Айырмашылықтың өзі де біршама жайтты аңғартса керек. Бұдан әрі министр ата-аналар мен мұғалімдер тарапынан орын алған келеңсіздіктерді де мысалға алды. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шо­лақ­қорған орта мектебінде ата-аналар терезені сындырып кіріп, баласымен бірге тестіге қаты­сып, 12-ден кешкі 4-ке дейін сынақты бірге тап­сырған. Жыл сайын қайталанып келген мұндай жағдайдың көрінісі биыл ең төменгі деңгейде болды.

Екінші бір мәселе колледж бітірушілерінің кешенді тестілеуіне қатысты болатын. Дәл осы мәселеде депутаттар тарапынан түсініспеушілік болғанын еске салған министр жиынды жүргізіп отырған вице-спикер Бақтықожа Ізмұхамбе­товтен уақыт сұрап, мәселенің мәнін ашып көрсетуге тырысты. «Жыл сайын 70 мыңнан астам колледж түлектері жоғары оқу орындарына түсуге ұмтылады. Тіпті олардың арасында өз өмір­баянын жаза алмайтындары да кездеседі. Әрине, мен осы мінбеде тұрып, әлгі колледж біті­рушілердің бәрі бірдей осал, сауатсыз деп айта алмаймын. Дегенмен университеттік білімге сәйкеспейтіндері қаншама! Ең бастысы, мұның артында қыруар қаржының мүддесі айналып жүр. Бұл тұрғыдан келсек, маған да оңай емес, өйткені менің оппоненттерімнің бәрі де - қалтасы қалыңдар. Біз осылайша кем дегенде 22-23 млрд теңгені құрайтын қызығушылықты қозғап отырмыз», - дейді министр. «Бақсақ, бақа екен» демекші, әлгі миллиардтаған қара­жатты жеке университет пен жекеменшік колледждер иесі меншіктеп алған. Ал әлгі мил­лиард­тың схемасын Бақытжан Тұрсынұлының қарапайым тілімен түсіндірсек, жекеменшік университеттер өз жанынан колледж ашып, әлгіні бітірген түлектер онда жай уақыт өткізіп, өздерінің университетке түсу сәтін ғана күтіп жүретін көрінеді (әрине, бәрі бірдей емес - авт.). Мінеки, еңбек нарығында сапасыз маман­дар­дың қаптап шығуы осыдан туады. «Сондық­тан да біз кешенді тестілеудің деңгейін де, сапасын да арттыра береміз. Биыл - бірінші жыл ғана, келер жылдан бастап кешенді тестінің тапсырмасы ҰБТ тапсырмасымен бірдей деңгейде болады. Әйтпесе, шынымен, сапасыз мамандар қаптап кетті. Конкурсқа шақыртып, 150 адамнан 10 адамды таңдап ала алмайтын болдық. Бейнелеп айтқанда, олардың ішінде қаламды қалай ұстауды да білмейтіндер кездеседі», - дейді Бақытжан Тұрсынұлы.

Оразкүл АСАНҒАЗЫ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ағылшын тілінен емес, мектеп мәселесін тек қазақ тілінен бастаған дұрыс. Осы мәселе­нің түйіні әлі күнге шешімін таппай отыр. Мамандыққа қатыс­ты кейбір пәндерді мемлекеттік тілде оқытудың қажеттігі артып келеді. Осыны жолға қоймасақ, мемлекеттік тілде халыққа қызмет ете алмаймыз. Екіншіден, әсі­ресе ауылдық жерлерде ән-күй, сурет, еңбек пәндері мұғалімдері жеткіліксіз. Өскелең ұр­пақ­қа, қандай мектеп екендігіне қарамастан, дәл осы пәндерді қазақ тілінде жүргізсек, со­ған маман тапсақ, игі болар еді.

Шавхат ӨТЕМІСОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Филологтер ұлттық бірыңғай тестілеуде оқушылардың ойларын жазбаша немесе ауыз­ша білдіру сауатын анықтау мүмкін еместігін айтып, дабыл қағып жатыр. Мұндай қабі­лет­тер емтиханда қажет болмағанымен, оқушының дамуын артқа сүйрейді. Нәти­же­сінде сауатты жаза алатын, дұрыс сөйлей алатын жастар азайып келеді. Мәселен, қазірдің өзінде жастардың кейбірі өз ойларын білдіре алмай, «сленг», «жаргон» сөздерді қолдануға әуес. Тіпті үздік оқушының өзі «короче», «типа», «как бы», «прикинь» сияқты сөздерді қол­данады. Жастардың сленгі туралы сөз қоз­ғаудың өзі артық. Әрине, барлық заманда сленг болғанын жоққа шығара алмаймыз, алай­да қазір мұның айрықша етек алғаны бай­қалады. Мұны қылмыстық лексикаға жат­қызбасақ та, дұрыс тіл деп қабылдай алмасымыз анық. Қазақтілді жастардың арасында да осындай үрдіс байқалып отыр.

Автор: Қанат ҚАЗЫ

"Алаш айеасы" газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394