Сенбі, 5 Сәуір 2025
Жаңалықтар 7693 0 пікір 7 Сәуір, 2012 сағат 07:20

Кенді Алтай кемерлеп тұр

Шығыс Қазақстанда жыл сайын жер қойнауынан 11 миллион тонна көлемінде полиметалл кені қазылып алынуда.

Кен өндіру көлемінің арта түсуі кен орындарының қорын барған сайын азайтып, оларды толықтырып отыруды қажет етуде. Пайдаланылып жатқан алтын, полиметалл кен орындарындағы пайдалы қазба байлықтарының қоры тау-кен кәсіп-орындарын 10-20 жылға дейін ғана қамтамасыз ете алатын болып отыр.

«ШығысҚазжерқойнауы» өңірлік департаментінің мамандары кен орындарын игеріп жатқан «Қазақмыс корпорациясы», «Қазцинк» сияқты ірі кәсіпорындар геологиялық-зерттеу жұмыстарына қаржы салуды ұлғайтып, барлау жүргізуді ширатпаса, өндірістің шикізат қорынсыз қалуы ықтимал екендігін айтады.

Өткен жылы аймақтағы геологиялық барлау жұмыстарына республикалық бюджеттен 519 миллион теңге бөлінген. Кенді Алтайдың қойнауы әлі сарқылған жоқ. Барлау жасалып, іздестірілсе, әлі де кен орындары табылады. Жаңадан ашылған Артемьев, Ново-Ленино-горское қазба орындары - соның дәлелі.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1508
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4228
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3128