Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6185 8 пікір 5 Қазан, 2021 сағат 13:19

Қытайдың қыжылы мен АҚШ-тың айбаты

1949 жылы коммунистік режиимнен жеңіліс тапқан Чан Кайши өкілдері Тайвань аралына барып бекінді. Сол уақыттан бері Бейжіңге қарсылас атанып келген Тайвань барынша АҚШ-қа жақындауды жоспарлауда. Бұл әсіресе әскери бағытта іске асқанын қалайды. 1980 жылдардан бастап Тайвань мен Қытай арасында үкіметтік емес ұйымдар арқылы бірқатар байланыстар орнағанына қарамастан, саяси аренадағы қарсылық арта түскен. Енді Қытай тікелей әскери шараларға көшуге дайын екенін аңғартқандай, арандатуға көшуде. 

Қытай әскері соңғы аптада Тайвань аралы маңында аса қауіпті маневрлар жасауда. Бір апта ішінде Тайванның әуе кеңістігін жүзге тарта Қытайдың бомбалаушы, соққы жасаушы және барлаушы ұшақтары бұзып кірген.

Тайвань билігі Қытай әскерінің әуе кеңістігін бұзып кіруіне қатысты үлкен баяндама жасады. Ол бойынша 2 қазан күні Қытайдың 12 Shenyang J-16 жойғыш ұшақтары, алты Су-30 шабуылдаушы ұшағы мен KJ-500 алыстан барлаушы бір ұшағы Тайвань еліне кіргенін, әуе қорғаныс жүйесі маңына жақын келіп, қауіпті маневрлар жасағаны айтылады.

Екінші баяндама бойынша 2 қазан күні кешкі уақытта Қытайды 20 ұшағы тағы да Тайвань әуе кеңістігін бұзып кіргені айтылады. Онда Shenyang J-16, Су-30 және Y-8 ұшақтары болғаны көрсетілген. Бұл Тайвань билігі ресми мойындаған екі арандату әрекеті. Одан бөлек барлаушы ұшақтар мен Қытайдың шабуылдаушы және барлаушы кемелері де Тайвань аумағына ұдай кіруді әдетке айналдырған.

Тайвань ұшақтары жауап ретінде әуеге барлаушы және шабуылдаушы ұшақтарды көтеріп, радиобайланыс арқылы Қытай ұшақтарына әуе кеңістігін тастап шығуды талап еткен. 1 қазан күні Қытай елінің құрылғанына 72 жыл толуына байланысты Қытайдың 38 ұшағы Тайвань әуе кеңістігін бұзып кірген болатын.

Қытай мен Тайвань арасындағы қарама-қайшылық жыл сайын артып келеді. Бұл АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы күшейген сәттен бастап Тайвань үшін күрес те күшейді. Қытай билігі 2049 жылға дейін Тайваньды толық бақылауына қаратуды ойлап отыр. Яғни Қытайдың 100 жылдығына орай «біртұтас Қытай» идеясы іске асуы тиіс.

АҚШ болса Қытай маңындағы сенімді серіктесі саналатын Тайваньға Бейжіңнің қорқыту әрекеттерін қатаң сынайтынын жеткізді.

«Біз Бейжіңді әскери. саяси және экономикалық қысым көрсетуден аулақ болуға шақырамыз және Тайвань маңында бейбітшілік пен татулық болуына мүдделі екенімізді жеткізгіміз келеді. Біз Тайваньды қолдайтынымызды жариялаймыз және аталмыш аймақтың тыныштығына алаңдаймыз», - деді Джен Псаки. Псаки өзінің мәлімдемесін қатаң және жоғары мінберден айтуы Қытайдың ашуын тудырғандай.

Күні кеше Қытайдың СІМ өкілі Хуа Чуньин журналистермен кездесті. Кездесу барысында Қытайдың Тайвань маңындағы әрекеті, АҚШ-тың мәлімдемесі жайында да сұрақтар қойылды. Хуа Чуньин Тайвань Қытайдың аумағы екенін мәлімдеп, АҚШ-тың ішкі ісімізге араласуы негізсіз және жауапкершіліктен жұрдай деді. Ол Қытайдың аумақтық тұтастығын құрметтеуге шақырды.

Оның мәліметінше Вашингтон соңғы уақытта Тайваньды қолдау әрекеттерін күшейтіп, аймақты тұрақсыздандыру бойынша әрекет етуде. Мысалы АҚШ жақында ғана 750 млн доллар болатын қаруды Тайваньға сатуға келіскен. АҚШ ұшақтары Тайвань еліне қонып, кемелері Тайвань жағалауына үздіксіз тоқтайтыны Қытайды алаңдататынын да жасырмады.

The New York Times газетінде «Ауғанстаннан АҚШ-тың кетуі Тайвань үшін қалай болмақ» атты мақаласы жарияланған еді.

«Бейжіңнің бағына орай Ауғанстан мен Ирактағы соғыс АҚШ-тың назарын Қытай бағытынан бірнеше жыл Таяу Шығысқа алаңдатты. Қытай өз экономикасын қуаттап, Италияға дейін жол салып жатқанда, АҚШ терроризммен күреске млрдтар салды. Қытай Оңтүстік Азияда әскери базаларын күшейтіп, тура соққы жасау мүмкіндігін арттырған сәтте, АҚШ Таяу Шығыста содырлармен соғысып жүрді. Бірақ енді Таяу Шығыстағы соғыс біткен соң, ондай мүмкіндік Қытайда жоқ. АҚШ назарын баста қарсыласына салады», - дейді мақалада.

Қытай Таяу Шығыста да әскери әлеуетін күшейтіп, АҚШ-қа әскери салада да бәсекелес екенін аңғартуда. Пәкістанмен тығыз әскери одақтастық орнатуда. Алайда бұл мәселелердің барлығы да Қытай үшін Тайваньдай маңызды болған емес.

«Қытай Гонконгты қатаң жаншып, Шығыс Түркістанды үлкен түрмеге айналдыру себебі де дәл осы Тайвань. Олар Тайваньды қосуды ойласа ішкі қайшылықтарын толық реттеуі тиіс еді», - дейді The New York Times.

Асхат Қасенғали

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371