Астана-Арқау
2012 жылдың 05-07 шілдесі аралығында Астанадағы Бейбітшілік және Келісім сарайында Астана әкімдігінің бастамасымен биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырған Түркі музыкасының фестивалі өтеді.
Қазақтың дәстүрлі музыкасы - кезінде Қытай, Үндістан, Батыс Европа, Ресей музыкасына ықпалы болған, ұлы түрік музыка мәдениетінің бөлшегі. «Астана - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылындағы Елорда мерекесінің дәстүрлі мәдени шараларының бірі - «Астана - Арқауда» алыс, жақын түрік халықтарының және қазақтың дәстүрлі музыкасының айтулы шеберлері өнер көрсетеді. Мерекеде халықаралық деңгейде бағасын алған якут шамандарының әндері, Батысты таңқалдырған алтай, хакас, тувалықтардың көмей әндері, Оңтүстік Сібір және Орта Азия халықтарының эпикалық жырлары, түрлі аспаптарға арналған музыка, лирикалық әндер шалқып, ғасырлар тереңінен тамыр тартқан мәңгілік музыка салтанат құрады.

Фестивальдің мақсаты - түрік әлемінің және түрік музыкалық өркениетінің бірлігін дәріптеу. Мәдени байланыстар жолға қойылмай, түркі халықтарының тамыры тереңде жатқан кәсіби дәстүрлі музыкасын дамыту мүмкін емес. ХХ ғасырда ағайынды халықтар арасын жалғастырар арқау үзіліп қалғандай еді. Туысқан елдер арасындағы алтын арқауды қайта жалғап, қандас мәдениеттерді қайта біріктірер дәнекер болу да бүгінде Қазақстанның абыройлы міндетіне айналды.
Түркі халықтары музыкасының мәңгілік сарыны 2008 жылы Елорданың 10 жылдық тойында бастау алған еді, содан бері жыл сайын «Астана-арқау» фестивалі өнерсүйер қауымның асыға күтер мерекесіне айналды. Туысқан халықтардың ынтымағын арттырып, достығын бекіте түсетін мұндай шаралар бір ғана фестивальмен шектеліп қалмауға тиіс. Өйткені, бұл бабалар дәстүрінжалғастырып жүрген музыканттар үшін ғана емес, туысқан халықтардың мәдени көкжиегін кеңейте түсу үшін де қажет.
Анықтама телефоны: +7 7021000939