Қажымұқан Ғабдолла. Мұнайшы – сотталды, әкім – ақталды, арым – тапталды…
ТАҢ ҚАЛАМЫН: шетелдерде, өркениетті мемлекеттерде жұмысшылар жалақыларын өсіруді талап етіп, ереуілге шығады; артынша кәсіподақтар жалаулатып, жұмысшының құқын қорғайды; қоғам дүр сілкінеді; билік жұмысшы талабына құлақ асып, мұқтаждығын қанағаттандырады...
ЖАНЫМ АУЫРАДЫ: бізде жұмысшылар өзінің тиесілі айлығын - "табан ақы, маңдай терін" - ала алмай, айлап-жылдап сарсаңға түседі; сосын, шыдамы таусылып, ереуілге шықса, ешкім құлақ аспайды; кәсіподақ көртышқандай тесікке тығылады; қоғам бөгде қарауылдай алыстан аңдап, міз бақпайды; билік темір есігін құрсаулап, қоқан-лоққы көрсетеді; көнбегенді кебіспен тепкілеп, көшеге қаңғытып жібереді; ақырында, қуалап жүріп оқ атып, қан-жоса қылып, қырып тастайды...
Солшыл белсенділер мұнайшының жанына төсек салып, бірге теперіш шегудің орынына, Алатаудан айқайлап, Арқаға «айбат шегеді»... Не керек, жеген нанның сұрауын саудаға салады...
Әйтпесе, Жаңаөзенге Жармақан Тұяқбай тұяқ тигізіп, Владимир Козлов палаткада түнеген жоқ... Бос сөз, құр қышқыру...
...Араға алты ай салып, менің мұнайшы бауырларым қапасқа кетті; әңгүдік әкім болса, әкесінің үйінде аяғын созып, демалып жатыр...

Ұяттан әлдеқашан айырылған қоғам едік, енді арымызға дақ түсті... Досқа - күлкі, жауға - мазақ болдық...
Қайсыбірін айтайын?!.
...Алпыстан асып, пайғамбар жасына жетсе де жетесі жетімсіреген бір оппозиция өкілі қазақ білмейтін: «Қалмақ ұлым қамал бұзса, қазақ ұлым садаға!» - деген мақала жазып, мақал мақамдап, далбасалапты... Атамыз қазақ туған перзентін «атаңа нәлет ит қалмаққа» қашан садаға қылыпты?!. Жат келімсектердің ақшасына өзек жалғаған бұ кісі осы мақаласы арқылы діні мен ділі дұшпан Владимир Козловқа мұқым қазақты жығып беріп, табанына таптатқысы келе ме? Бұл - қай сасқаны, бұл - қай дандып-алжығаны?!. Осындайда арын әспеттеп, әдемі қартайған бұрынғы үлкендеріміздің әруағынан айналып кеткің келеді екен...
Бір жағынан, "аққұлақтың табанын жалаған" осындай кеңестің құлдық санасынан ажырамайтын ұрпаққа жанашырлықпен қарасаң, екінші жағынан...
...Мен жақын күндері Алматыдағы Жазушылар Одағының маңында Ербол Ақшолақ дейтін жас та белсенді жігітпен кездесіп, сұқбаттастым. Ерболдың жасы небәрі 21-де, тәуелсіздіктің құрдасы болып шықты. Сөзі түзу, көзі ашықтығы тайға таңба басқандай. Жастық жігері мен қайтпас қажыры да ешкімнен кемшін емес. Бірақ, Ерболдың: «Шіріп жатқан - қоғамнан, іріп-аққан - моральдан не пайда?!.» - деп, таусыла сөйлегені жаныма батып, жүрегімді сыздатты...
«Қарияның қайраты қайтты ғой» деп «ақтап» алайық, ал, күллі өмірі алдағы өрімдей жасымызға не бетімізді айтамыз?!.
«Абай-ақпарат»