Әміржан ҚОСАНОВ. БІРТҰТАС КОМАНДА
Мен сәуегей емеспін. Ондай талантым жоқ. Алыс-жақын болашақты болжаушыларға сенімім тағы жоқ. Десем де, осыдан біраз уақыт бұрын өз басым, Польша мен Украинада өткен футболдан Еуропа біріншілігінің жеңімпазы кім болады деген сұрақты талқылауға қатысқан едім. Сол тұста «Ұлт таймс» газетінің сауалнамасына берген жауабымда мен: «Ресей, Хорватия, Украина командаларының алғашқы жеңістері оларға үш ұпай бергенімен, біріншілік бойы олардың ұпайы түгел болады деп айту қиын. Бәрін уақыт көрсетеді. Өз басым бұл жолы Испания командасы жеңіп шығар деген ойдамын», - деппін.
Міне, конкистадор елінің құрамасы Көне құрылық чемпионы атағын жеңіп алды. Тағы бір айтарым, бала кезде басқалармен бірге доп теуіп, қазірде қызықты матчтарды теледидардың алдында отырып, қарайтыным болмаса, мен аса білгір футбол маманы емеспін. Футболдағы ең үлкен жетістігім - «Былғары доп» турнирінде Қазалы ауданы құрамасының мүшесі ретінде Қызылорда облыстық біріншілігінің жеңімпазы атағы ғана. Бірақ мен бүгін шын мәнінде халықтық спорт түрінің сол халыққа тікелей қатысы бар... саясатпен байланыстырғым кеп отыр. Сәл оғаштау ой шығар, бірақ пікірімді негіздеп көрейін.
Испанияның чемпион атануының себебін менсіз де таратып айтатындар табылар. Мен болсам тек төмендегі спорттық-саяси жайтқа тоқталамын.

Бірінші себеп - идеялық. Жасыратыны жоқ, испандықтардың ойнау стилін «тик-так» деп келемеждеп, мұрнын шиірушілер жетіп жатты. Тіпті осынау қолтаңбаны «кемшілік» деп табалаушылар да бар. Бірақ осының бәріне қарамастан, испандықтар өздеріне ғана тән ойын өрнегінен танбады. Керісінше, сол «тик-так» тактикасының тапқырлығы мен тегеурінді тәсілдері арқасында қарсыластарының бәрінен айласын асырды! Стиль - қайталанбас қолтаңба ғана емес, ол - идея! Сол идеяға беріктер ғана дегеніне жетеді.
Ал біздің саясат аренасында жүргендердің дәл осындай, оларды басқалардан ерекшелендіретін идея бар ма?
Билік партиясын алайық. «Нұр Отан» өзі қай идеологияны ұстанған партия? Саяси спектрде қандай орын алады? Солшыл ма? Оңшыл ма? Центрист пе? Өз басым осы сұрақты сол кезде Нұрекеңнің партия жөніндегі орынбасарына «Хабар» телеарнасында өткен сайлауалды дебатта (2006 жыл) қойған едім. Сол кезде жауап ала алмадым. Қазір де нақты жауап жоқ.
Меніңше, «Нұр Отан» секілді атқарушы билікке басыбайлы байланған саяси құрылымның идеологиялық трагедиясы нақ осында. Ол әртүрлі идеологиялық тұғырнаманы ұстанған бұқараның бәріне бірдей жаққысы келеді. Ондай идеялық ұстаным мемлекетке тән, бірақ саяси партияға тән бола алмайды! Өйткені, «партия» деген ұғымның өзі соны меңзейді, яғни қоғамның бір ғана «бөлігі». Оңшыл солшылға жақпайды. Центристпен екеуінің де басы бір партиялық қазанға сыймайды!
Бізде, оппозицияда да, сол кемшілік бой көрсетіп қояды. Өйткені, бір идеядан гөрі бір тұлғаның маңайын топтасу басымырақ. Яғни, билік экономиканың сүбелі салаларын жекешелендеріп алса, кейбір азаматтар билікке қарсы электоратты да дәл солай «жекешелендіріп» алғысы келетін сияқты.
Испанияның аяқдоп аламанында он алтыдан суырылып, алға шығуының тағы бір себебі бар. Оның аты - команда! Яғни, футбол - ол ең алдымен ұжымдық, «көп түкірсе көл болатын, көп жүгірсе, гол болатын» ойын. Спорттың жеке тұлғалық, индивидуалистік түрлері бар. Мәселен, шахмат, ауыр атлетика, жеңіл атлетиканың көптеген түрі және т.с. Онда бір адамның талабы мен тәуекеліне көп нәрсе байланысты. Ал футболда қақпашы да, корғаушы да, орта шептегі де, шабуылшы да бір жағадан бас, бір жеңнен қол, бір қақпадан... гол шығармаса болмайды! Мәселен, көбіне-көп шын мәнінде әлемдік деңгейде мойындалған жарық жұлдыздар бар командалар да финалға жақындап қалды. Роналду, Гомес, Руни, Балотелли, жас Дзагоев секілді жеке тұлғаларға арқа сүйеген командалар да біраз жетістікке жетті. Бірақ төрт жылда бір болатын материктік додада тұлғадан гөрі ұжымға барлық нәрсе байланысты.
Тұлға, қанша мықты болса да, уақытша әрі көңіл-күй мен субъективтік факторға тым тәуелді ұғым. Ол керек десеңіз, жарақат алып, ойыннан шығып қалуы мүмкін. Кейде жарық жұлдыз жеке бас қамын ойлап, командалық мүддені тәрк етуі де әбден мүмкін! «Жұлдызды ауру» деген нәрсе тағы бар...
Ал ұжым деген - әрі ұжым, әрі... ұғым. Міне, Испания құрамы сол жұлдыздардың басы мен ойы біріккен ұжым болды! Қасқайып, қақпаны қанаттыға қақтырмаған қырағы көз Касильяс. Қорғауда - адуынды, аракідік алға шығып, атой салып, «атакалайтын» Альба мен Арбелоа. Орта шепте - сауысқандай сақ Сильва, икемді де идеясы мол Иньеста, айлалы да арынды Алонсо, пәрменді де пәтуалы Фабрегас, мығым да мәрт Мартинес. Шабуылда - мүмкіндігі мол Мата, ілікті Льоренте, тыңғылықты тарлан - Торрес. Оның кеше ғана финалдық ойын барысында үш голдың авторы аталып, төртінші голын салуға бар мүмкіндік боп тұра, әріптесіне пас берген тектілігінің өзі не тұрады! іне, осы ұлы команда ұлы жеңіске жетті: қатарынан үш рет әлемдік және еуропалық бас жүлдені иеленді! Алты жылдан асқан тұрақтылықтың көкесі де осы емес пе?!
Осы командалық сипат біздің қоғамдық-саяси өмірде бар ма? Мәселен, барлық шенеуніктер бір партияда. Бірақ бір ұйымның мақсаты жолында олар ұжымдық бірлік танытып келе ме? Қайдам... Олай дейтінім - бізде биліктің өз ішінде орын алып жатқан топаралық қақтығыстар мен кикілжіңдер саяси өмірдің шешуші факторына айналып барады! Яғни «ана тұлға мен мына тұлға», «ана топ пен мына топтың» бір-бірімен ымырасыз күресі өршіп барады. Бұл жанталаста соғыстың барлық құралдары мен әдіс-тәсілдері қолданылуда: қаржылық ұжымдасу, ұйымдық күш біріктіру, ақпараттық соғыс және тағысын тағылар! Ең бастысы - белгілі бір топтың түпкі мүддесінің жолында түпкілікті мемлекеттік, ұлттық мәселелер құрбандыққа шалынуда! Меніңше, дәл осы заманның басты дертінен арылмай, біз еліміздің көсегесін көгерте алмаймыз! Ал ол үшін керек ең басты нәрсе - билік үшін күресті мейлінше ашық, жария ету, оның ережелерін әділеттендіру! Және де әзірше билік назар аудармай жүрген бір маңызды шаруа бар. Ол - баршаға ортақ болар жалпыұлттық мүдделер төңірегінде қоғамдағы беделді де ықпалды топтарды біріктіру.
Бірақ өзі іштей бүлініп, өз ішінде бірлігі жоқ билік бүткіл қоғамды біріктіре ала ма? Мәселе сонда!
Әміржан ҚОСАНОВ
«ҰЛТ TIMES» қоғамдық-саяси апталығы. 5 - шілде, 2012 жыл