Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 2111 0 пікір 27 Қазан, 2021 сағат 16:25

Ахметбеков: БАӘ-мен келісім жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді

Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков Біріккен Араб Әмірліктерімен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту біздің елімізге тиімді екенін айтты. Өйткені, ол жаңа кәсіпорындардың ашылуына, озық технологияларды енгізуге және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етпек.

Депутаттың айтуынша, инвестициялар шикізат салаларына салынбайды. Атап айтқанда, елімізде жаңартылатын энергетиканы дамытумен айналысатын энергетикалық холдинг құру көзделіп отыр.

Ж. Ахметбеков атап өткендей, бүкіл әлемде «жасыл өткел» деп аталатын және экологияның жай-күйіне алаңдайтын елдер жаңартылатын отын үшін көмірсутектерден бас тартуда. Күн, жел электр станцияларының көбеюі біздің елдің бәсекелестік артықшылығы бола алады.

- Жалпы, бұл инвестициялық келісім отандық бизнесті дамыту үшін жағдайды айтарлықтай жақсартады және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырады деп айтуға болады, - деді депутат.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313