Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 2765 0 пікір 28 Қазан, 2021 сағат 12:53

«Ұлық ұлыс – Алтын Орда»: Президент не дейді?

Биыл еліміздің тәуелсіздігіне 30 жыл толып, осы орайда Атырау қаласында  «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» халықаралық ғылыми конференциясы болып жатыр. Қазанның 27 күні басталған ірі жиын үш күнге созылмақ.

Іс-шараға Алтын Орда тақырыбын зерттеу объектісіне айналдырған отандық ғалымдармен қоса, шетелдік зерттеушілер де шақырылды. Әр түрлі салада қызмет етіп жүрген 150-дей адам жиналған салтанатты шара Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрында басталды.

Әдеби-театрландырылған спектальдер қойылып, ұлттық-фольклорлық бақытта берілген концерт салтанатты жиынның көркін келтірді.

ҚР Президенті Әкімшілігінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев конференцияның құрметті қонағы болып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

Президент «Жошы хан кесенесі мен ежелгі Сарайшықтың Қазақстан жерінде салынғаны, орда туралы шетелден жазба деректердің шығуы Алтын Орда тарихын бүгінгі қазақ елінің жылнамасымен терең байланыста екенін аңғартатынын жазған. Тарихымызды дәріптеуде Елбасының қолға алған жобалары еліміздің ұлттық санасын жаңғыртып, шежіремізді толықтыра түсті» деген хатында Президент. Алтын Орда кезеңінен жеткен асыл мұраларды әлем жұртына таныстырып, Қазақстан туризімін дамытуға бет алуымыз керек екенін айтады. Сонымен қоса Қасым-Жомарт Тоқаев  Алтын Орда тақырыбы аясында атқарылатын біршама істі атап өткен.

Тәуелсіз ел болып, босағамызды бекіткеннен кейін Кеңес кезінде тиым салынған «Алтын Орда» тақырыбы қайта жанданды. Алтын Орданы ақтау процесіне арналған 2013-2014 жылдары жарияланған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мұрат Мұханбетқазыұлы Тәжиннің «Қазақ хандығы Алтын Орданың заңды мұрагерлерінің бірі» мақаласы жарық көрген болатын.

Мақала қазақ халқының Алтын Орда тарихында алатын орнын айқындап берді.

Жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Алтын Ордаға арналған 20 шақты нысан салуды жоспарлап отырғанын» айтты. Қазіргі күні Сарайшық музейінде 4600 жәдігер сақталғанын,ендігі мақсат осы жәдігерлерді насихаттайтын Алтын Орда мұражайын ашу екенін айтты.

Жоспарда тұрған кешеннің бірі Гүлстан променады. Онда жылқы, түйеге мініп, серуендеуге болатын етіп жасалды. Бүгінде Сарайшық мемориалды кешеніне келушілер саны 20 мың болса, болашақта 700 мыңға дейін көбейеді деген жоспар да жоқ емес. Конференцияға келген ғалымдардың ел алдына паш еткен ғылыми жаңалықтары мен тың деректерінен арнайы жинақ басылып шығады. Келешекте Президенттің қолға алған бастамалары іске асырылып , Алтын Орда тарихы жаңа қырынан ашыла түспек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320