Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 3828 1 пікір 28 Қазан, 2021 сағат 13:56

Қанша реформа жасаса да келістіре алмады

Жолдасым мұғалім, бастауышқа өмір бойы сабақ беріп зейнеткерлікке шыққан. Енді 1-классқа баратын немереме қосымша сабақ беріп жүр. Қасында тыңдап отырып еріксіз жағамды ұстаймын. Немерем солақай. Қазір, құдайға шүкір, қай қолың ыңғайлы болса сонымен жазуға рұхсат беріпті. Бұрын қалайда оң қолға қалам ұстатып зорлап үйретіпті. Оны кім ойлап тапқан - ол да белгісіз күйінде кетті, табиғат заңына қарсы шыққаны үшін ешкім жазаланбаған да шығар, кім біліпті.

Таң қалатын себебім - түске дейін оқып келгені өз алдына, түсқайта енді тағы 2-3 сағат оқып, үйге берілген тапсырманы зорға тауысады. Сонда бала қай уақытта ойнайды? Не деген көп сабақ? Бүгінге болдыңдар ма десем, жоқ, әлі ағылшын тілі бар дегенде шалқамнан түсе жаздадым. Епт. Мына мұғалімдердің есі ауысқан ба, әлі дұрыс жүргізіп оқи алмайтын балаға ағылшын тілі несі? Онсыз да орысша мультик көріп, ауладағы орысша сөйлейтін балалармен араласып жүрген баланың басы ендігі атала болған шығар?

Әрине, бірінші класста қалай оқығаным есімде жоқ, бірақ 3-4 класстарда түсқайта бір кезек ойнап, үйдің де шаруасын тындырып, қойларды қораға қамап, жемін салып, кешке үйге бір-ақ келетініміз есте қалыпты. Одан кейінгі класстарда да соған ұқсас тірлік жүріп жатты. Егер педагогтар ақыры солайқай балаға сол қолымен жазуға рұхсат берген болса, онда дәл сондай табиғи заңдылық - бір кезек асыр салып ойнауға неге мүмкіндік қалдырмаған?

Абырой болғанда жолдасым бастауыш класс мұғалімі, оның бітірген балалары үнемі мектепте жоғары көрсеткіштерімен көзге түскен. Былай өмірде де сыйлап жүреді алғашқы ұстазын. Ал елдің бәрінің бірдей әжесі бастауыш класс мұғалімі емес қой, солардың немерелері қайтіп жатыр екен деп ойлаймын да. Біздің өзіміз зорға үлгеріп жүргенде басқалардың тіпті басы қатып кеткен шығар? Қаншама реформа жасаса да ақыры келістіре алмады.

Қуаныш Еділхантегі

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321