Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2938 1 пікір 2 Қараша, 2021 сағат 19:24

«Ұлық ұлыс – Алтын Орда»: жаңа деректер мен құжаттар ұсынылды

Атырау қаласында Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық конференция өтті.  

Жиынға  ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов және шет елдерден арнайы келген зерттеушілер мен отандық ғалымдар қатысты.

Ел президентінің тапсырмасымен келесі жылдан бастап «Алтын Орда» тарихын жаңғырту мақсатында жеті бағытта жұмыс жүргізіледі.

Атап айтсақ, шетел архивтеріндегі Алтын Орда туралы мәліметтерді іздеуге күш салу, елімізде ізі қалған Алтын Орда қалаларын қайта қалпына келтіре отырып тари-материалдық кешен құру, орданы билеген хандар туралы ғылыми-монографиялар шығаруды қолға алу, «Ұлық Ұлыс» атты энциклопедияны жарыққа шығару, Уикипедияда Алтын Орда жайлы жазылған ақпараттарды жаңалау мен толықтырулар енгізу, Алтын Орданың тарихында есімі аңыз болған тұлғалар, хандар, орда мәдениеті, қалалары мен сауда жүйесі туралы көркем сериалдар түсіру мәселесін шешу, Алтын Орда кезінде пайда болған эпостартың ізімен балаларға арналған ертегі кітаптарды құрастыру, Алтын Ордаға қатысты жаңа деректерді пайдалана отырып, мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған Қазақстан тарихы пәніне өзгерістер енгізу секілді маңызды мәселелер қолға алынды.

Конференцияда Алтын Орда туралы жаңа деректер айтылып, сол кезең туралы құжаттар көпшілікке ұсынылды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371