Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2057 0 пікір 1 Қазан, 2021 сағат 19:46

Рухани жаңғыру: Тағы қандай жобалар жүзеге аспақ?

2017 жылы 12 сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарық көріп, осы мақала негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қабылданды. Мақаласында Елбасы келешегі зор, ұлттық санасы жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін нақты қадамдарды көрсетеді.

Еліміздің даму жолында рухани және мәдени құндылықтарымызды дәріптеп, болашақ ұрпақтың ұмытпауына күш салу біздің негізгі міндеттеріміздің бірі. Қазақстан әлемдік дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін қандай жоспарларды жүзеге асыруы керек деген нақты сұраққа жауап береді. Жобаның алға қойған көп мақсаттарының бірі қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру болды. Әліпби ауыстыру оңай істеледін шаруа емес. Латын әліпбиінің әр түрлі нұсқалары жасалып, күнделікті қолданысқа аз да болса еніп келеді. 2025 жылдан бастап әліпбиді толықтай ауыстыру көзделген. Осы кезге дейін жазылған көп дүние, яғни БАҚ материалдары, кеңсе қағаздары, құжаттар, кітап-журнал т.б. латын қаріпімен терілетін болады. Қазақ тілінде білім көкжиегін кеңейтуге бағытталған «Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасы да басталған болатын. Әлемге танымал болған тарих, философия, психология, мәдениеттану, филология ғылымдарына арналған кітаптар мен әдебиет жауһарларын оқып, мемлекеттік тіліміздің дамуына үлес қосатын жобының бірі болды. Елбасы «біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз көптеген уақыт бойы бір ғана ілімнің шеңберінде қалып, бір ғана көзқараста қарауға мәжбүр болғанымызды» айтады. Ал «Қазақстанның 100 жаңа есімдері» жобасы болса, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған еліміздің дамуына үлес қосып жүрген бетке ұстар азаматтар мен азаматшаларды бір жинақ бетіне топтастырды.

Онымен қоса, «Қазақстанның киелі географиясы» жобасы, «Туған жер» жобасы, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы қолға алынып, бүгінде өз жемісін беріп келеді.

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасына жеке тұлғаны дамыту бағыты бойынша арнайы жобалар енгізілді.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен онлайн форматта өткен "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жөніндегі Сараптамалық кеңестің отырысында жоба аясында өткен 2021 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындыланды. Осы жиында жеке тұлғаны дамытуға бағытталған жоспар жарияланды.

Кеңес төрағасы, қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров "Рухани жаңғыру" бағдарламасын сапалы жүзеге асыру бойынша жұмысты күшейтуді, "Еңбек – елдің мұраты", "Құқықтық мәдениет", "Үнем – қоғам қуаты", "Дәстүр мен ғұмыр"атты жаңа арнайы жобаларға ерекше назар аударуды тапсырды. Сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Алматы қаласындағы Ұлы даланың жеті қыры"мақаласын іске асыру жөніндегі жобаларға мәдениет және білім беру салаларының өкілдерін тарту міндеті қойылды. Отырыстың қорытындысы бойынша Сараптамалық кеңестің құрамына зияткерлік даму ерекшеліктері бар балаларға арналған "Алматы қаласының Қазақстандық Арнайы олимпиадасы" филиалының директоры Гүлнар Әсемқұлованы, AlmaU университетінің практика – профессорын; студенттік даму орталығының басшысы Аида Жүнісбаеваны; К. Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының директоры Бақтияр Әбдірашевті енгізу туралы шешім мақұлданды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі сараптамалық кеңес – консультативтік-кеңесші орган өз қызметін 2017 жылдан бастап атқарып келеді. Бағдарламаны жүзеге асыруға жобалық кеңсемен бірге барлық тілек білдірушілер қосыла алады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371