Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 2416 0 пікір 13 Шілде, 2009 сағат 19:22

ТМД басшылары Мәскеудегі бейресми саммитте бас қосады

Астана. 13 шілде. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. ТМД елдерінің мемлекет басшылары, соның ішінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 18  шілдеде Мәскеу орталық ипподромының 175 жылдық мерейтойына шақыру алды. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Ержан Ашықбаев хабарлады.

«Ресей президенті Дмитрий Медведев Мәскеудің орталық ипподромының мерейтойын атап өтуге ТМД елдерінің басшыларын шақырды. Кездесу бейресми мәнге ие болады», - деді ол дүйсенбі күні брифингте.

Кездесу барысында аймақтық және халықаралық мәндегі екі жақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелері талқыланады.

0 пікір