Сенбі, 23 Қараша 2024
3042 0 пікір 11 Қараша, 2021 сағат 18:58

Түркияда түркі елдерінің экономикалық конференциясы өтті

Түркияның Стамбұл қаласында Түркия және түркі елдерінің арасындағы сауда және экономикалық байланыстарды дамытуға арналған конференция өтті. Конференция Түркия сауда министрлігі және DEIK сыртқы сауда қатынастарын реттейтін мемлекеттік мекеменің ортақ ұйымдастыруымен іске асты. 

Халықаралық конференцияға түркі елдерінің министрлері мен министрлік өкілдері қатысады. Басты тақырып ретінде пандемиядан кейінгі сауда қатынасын дамыту мен одан ары қарай жандардыру тұр. Пандемиядан кейін іске асуы тиіс министрліктер, мемлекеттік органдар және жеке кәсіпкерлердің әріптестігін арттыратын және сауда қатынастарын дамытатын жаңа жобалар таныстырылады деп күтілуде. Аталмыш шара түркі елдерінің тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылуы да тегін емес.

Мемлекет басшылары да, оның ішінде Қазақстан мен Түркия өзара сауда қатынастарын арттыруға мүдделі. Елбасы Н.Назарбаев пен Тайып Ердоған арасындағы сауда қатынасын 5 млрд долларға, артынша оны 10 млрд долларға көтеру бойынша келісімдер жасалған болатын. Келісімдер сәтті іске асса да, пандемиялық шектеулер бұл үдерісті біршама тежеді. Алайда 2020 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда қатынастары тіркелді. Түркия Қазақстанға инвестиция салушы он елдің біріне жатады.

Конференцияға Қазақстан тарапынан министрлер Бақыт Сұлтанов пен Әсет Ырғалиев қатысты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475