Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 2573 0 пікір 13 Шілде, 2009 сағат 19:25

Набукко газ құбыры Түркияға ЕО-ға кіруге мүмкіндік береді - премьер-министр

Баку. 13 шілде. ҚазТАГ – Набукко жобасына байланысты мемлекет аралық келісімге қол қою Түркияның Европалық Одаққа (ЕО) кіруге оң қадам болып табылады.

Бұл туралы дүйсенбі күні Анкарадағы Набукко жобасына байланысты мемлекет аралық келісімге қол қою рәсімінде Түркия премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоган мәлім етті, деп хабарлайды Trend Capital агенттігі CİHAN агенттігіне сілтемелеп.

«Набукко тек энергетикалық жоба емес, ол елдердің жақындасуына ықпал етіп, басқа жобалардың іске асуына септігін тиігізеді. Түркияның бұл жобаға қатысуы оның ЕО-ға кіруіне көмектеседі», - деді ол.

Құны 7,9 млрд евро болған Набукко жобасы Каспий маңындағы газды ЕО елдеріне тасымалдауға арналған.

Жобаға австриялық OMV, венгрлік MOL, болгарлық Bulgargaz, румындық Transgaz, түркиялық Botas және немістердің RWE қатысады. Қатысушылардың әр қайсысы 16,67%-дан тең үлесте.

Құрылыстың басталуы 2011 жылы және 2014 жылы газдың алғашқы жеткізулері болмақшы. Газ құбырының қуаты жылына 31 млрд текше метр газ тасымалдауға есептелген.

0 пікір