Иранның газын Европаға Набукко арқылы экспорттауға болады – Түркия премьер-министрі
Баку. 13 шілде. ҚазТАГ – Иранның газын Европаға гере оған қолайлы жағдай жасалса, Набукко арқылы экспорттауға болады.
Бұл туралы дүйсенбі күні Анкарадағы Набукко жобасына байланысты мемлекет аралық келісімге қол қою рәсіміндегі CNN Turk арнасындағы тікелей эфирде Түркия премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоган мәлім етті, деп хабарлайды Trend Capital агенттігі.
«Егер тиімді шарттар жасалса біз Иран газын Набукко арқылы тасымалдағымыз келген болар еді», - деді ол.
Ол сонымен қатар осы газ құбыры арқылы Ресей газының да тасымалдану ықтималдығын айтты.
Түркия прмьер-министрінің айтуынша, Набукко жобасының іске асрылуы басқа да энергетикалық жобалардың іске асырылуын жылдамдатады.
Құны 7,9 млрд евро болған Набукко жобасы Каспий маңындағы газды ЕО елдеріне тасымалдауға арналған.
Жобаға австриялық OMV, венгрлік MOL, болгарлық Bulgargaz, румындық Transgaz, түркиялық Botas және немістердің RWE қатысады. Қатысушылардың әр қайсысы 16,67%-дан тең үлесте.
Құрылыстың басталуы 2011 жылы және 2014 жылы газдың алғашқы жеткізулері болмақшы. Газ құбырының қуаты жылына 31 млрд текше метр газ тасымалдауға есептелген.