Жарты жылдың ішінде Шығыс Қазақстан облысына 500 турист сапарлады
2012 жылдың бірінші 6 айында Шығыс Қазақстан облысына небәрі 500 турист сапар шекті, деп хабарлады «Қазақстан даму және индустрия институты» АҚ басқарма төрағасы Азат Ахмеров.
«Бүгінгі күні біз үшін Қазақстанның Алтай өлкесі перспективалы жер болып табылады. Алайда, Ресей Алтайының аталмыш аумағына жылына 4 млн. турист барса, Қытайдағы Канас өзеніне - 1 млн., Моңғолияға - 1000 адам, ал ШҚО-ға небәрі 500 турист сапар шегеді», - деді Ахмеров.
Оның сөзіне қарағанда, өңірдегі туристік индустрия халықаралық стандарттарға сай келмейді, білікті туристік кадрлардың жетіспеушілігі байқалады. «Саяхат жасаушылар экологиялық жағдайға байланысты ШҚО-ның кейбір ауданына баруға қорқады. Шетелдіктер үшін кедендік және визалық кедергілер жойылмаған. Демалыс орындарының көптеген аумақтарында қарапайым санитарлық-гигиеналық жағдай жоқ», - деді ол.
Айта кетейік, өңірде 233 туристік нысан бар. ШҚО-да туристік кластерді іске асыруға мемлекеттік бюджеттен 220 млн.-ға жуық теңге бөлінді.