Саакашвили қазақстандық инвесторларға қанағаттанбай отыр және бұл мәселені Назарбаевпен талқыламақ
Тбилиси. 13 шілде. ҚазТАГ - Гиорги Циклаури. Грузия президенті Михаил Саакашвили қазақстандық инвесторлардың жұмысына қанағаттанбай отыр және бұл мәселені Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде талқыламақ. Бұл туралы ол аймақтардағы өкілетті өкілдерімен және аудан әкімшіліктерінің басшыларымен кездесуде мәлім етті.
М.Саакашвили «кейбір» қазақстандық компаниялардың қызметіне қанағаттанбайтынын жеткізді, ол оларды атаған жоқ, алайда президенттік деңгейдегі келісімнен соң оларға «жол ашылғанын» және олар Грузияның қонақ үй және құрылыс секторында «ерекше» орын алғанын атап өтті.
Президент Ликани курортында санаторий сатып алған «қазақстандық мемлекеттік компанияны» ( бұл жерде әңгіме «ҚМГ-сервис» - «ҚазМұнайГаздың» еншілес кәсіпорны туралы болып отыр; Ликани Грузияның Боржоми ауданында орналасқан, ол жерде император Романовтар отбасының резиденциясы бар - ҚазТАГ) сынға алды.
М. Саакашвили мәлім еткендей, Қазақстаннан келген инвесторлар «Ликаниді сатып алып, оны қирауға ұшыратты, түк те істемей, көптеген адамдарды жұмыссыз қалдырды». Оның айтуынша, «олардың Тбилисидегі жобалары да осындай сәтсіздікке ұшырады, ал Батумиде қонақ үйлерді сатып алу кезінде онда тұрып жатқан босқындарға төлеген қаржысының аз болғаны сонша, олар жақсы жерден пәтер сатып ала алмаған».

Грузия президенті «бұл тақырып бойынша Қазақстан президентімен сөйлесетінін» жеткізді.