Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 2345 0 пікір 13 Шілде, 2009 сағат 19:28

Балқаш қаласының әкімдігі ұйымдастырған жастардың би кешінде 21 жастағы жергілікті тұрғын қаза тапты

Балқаш. 13 шілде. ҚазТАГ –  Өткен жұма күні Балқаш көлінің жағасында қала басшылығының бастамасымен ұйымдастырылған жастардың би кешінде қару қолданумен төбелес болды, бір адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісіне оқиғаның куәгерлері, Балқаш тұрғындары хабарлады.

Балқаш ҚІІБ жедел хабарламасында айтылғандай, оқиға 10 шілдеде 22 сағат 45 минутта болған. 1988 жылы туған жігіт мойнына және желкесіне тиген оқтан алған жарақаттармен ауыр күйде табылған. Ол жедел жәрдем көлігінде ауруханаға жетпей көз жұмды.

«Оқиға орнында «Байкал» тапаншасы және «ОСА» травматикалық қаруы табылды. «Байкал» тапаншасының оқтығында 9 мм бір оқ, ал оқжатарында тағы бес оқ болған», делінген хабарламада.

Сол күні полицияға ҚарМУ-дың 20 жастағы студенті арызданып келген, ол би кешінде өзіне қарулы шабуыл жасалғанын, белгісіз ер адам оған ОСА травматикалық қаруынан оқ атып, жарақат жасағанын хабарлады.

ҚазТАГ-қа белгілі болғанындай, Балқаш полициясына қаланың 23 жастағы тұрғыны келіп, би кешінде оған жастар тобы шабуыл жасап, соққыға жыққанын, ол қорғану мақсатында «Байкал» тапаншасынан екі рет оқ атқанын мойындаған. Оның айтуынша, ол қаруды көлдің жағасынан тауып алған. Хабарламада атап көрсетілгендей, ҚІІБ-де аталған маркалы тапаншаның жоғалу дерегі тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Балқаш жағалауында жастар үшін тегін би кештері қала әкімдігінің бастамасымен осыдан бір ай бұрын жастарды кешкі уақытта мәдени шараларға тарту мақсатымен ұйымдастырылған болатын. Куәгерлердің айтуынша, би кештерінде оқиғалар жиі болып тұрады. Түрғындардың хабарлауынша, өткен сенбі және жексенбі күндері би кеші өткізілмеген.

0 пікір