Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1332 0 пікір 4 Қараша, 2021 сағат 15:18

Алматы облысы: «жемқорлық тәуекелі паспорты» іске қосылды

Талдықорған гарнизоны әскери прокуратурасы биылғы жылы Елбасы мен Президенттің берген тапсырмаларын, жарлықтарын, Бас прокуратураның шешімдері мен бұйрықтарын орындауда сондай-ақ қылмыспен күресу бағытында орасан зор күш жұмсады.

Әскери прокуратура әскери тәртіпті күшейту арқылы әскери бөлімшелерде қатаң жарғылық тәртіп енгізді. Соның арқасында біраз нәтижеге жетті. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізді, әскери қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қатысты заңдардың дер кезінде орындалуын қатаң талап етті. Әскери бөлімдердің, соларға қарасты мекемелердің ішкі жағдайына көңіл бөлініп, әскери қару-жарақ, әскери мүліктің дұрыс сақталуын қамтамасыз етуде біраз істің басын қайырды. Әскери қызмет заңнамасының негізгі міндеттерінің бірі болып табылатын мемлекеттің қаржылық мүддесін қорғау мен оған зиян келтірілген жағдайда өтеу.

Аталған прокуратура биыл қару-жарақтың сақталу жағдайына қарасты заңға қарай атқарылатын міндеттерге өзгеріс енгізді. Мысалы, әскери объектілерге жүргізілген жөндеу жұмыстарын қадағалап, тыңғылықты тексеріс жүргізді. Қадағалау барысында жөндеу жұмыстарын жүргізу, жоспарлау және қабылдап алу міндеттерін атқару кезінде заң бұзушылықтар болғаны анықталды. Соның нәтижесінде 12,5 миллион теңге үкіметке шығын келген.

Үкіметке шығынды қайтару мақсатында прокурорлық қадағалау актілері жасалып, бүгінде шығын өтеліп жатыр. Әрі террористік әрекетке төтеп бере алмайтын әскери нышандарды да қатаң бақылауға алынған.

Қазіргі таңда парақорлық, мемлкеттік мүлкін заңсыз өз пайдасына асырғысы келетіндердің іс-әрекеті әскери прокуратураны алаңдататын жағдайдың бірі. Жемқорлықтың жолын жабудың бір жолы қатаң шаралар қолдану. Осы орайда прокуратура әскери орындарда жемқорлықтың алдын-алу үшін «сыбайлас жемқорлық тәуекелі паспорты» іске қосылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373