Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 1191 0 пікір 10 Қараша, 2021 сағат 15:57

Тәуелсіздікке 30 жыл: Алматы облысында 1145 іс шара атқарылған

Тәуелсіздікке 30 жыл толып, еліміздің әр аймағында түрлі іс-шаралар өткізілуде. Алматы облысында осынау мерекеге орай мыңнан аса жиындар өткен. Егемендігімізді ұлықтайтын салтанатты іс-шараларды өткізу жоспары бойынша Алматы облысында өңірлік комиссия құрылған. Жоспар бойынша өткізілген шаралар саны 1145 ке жетіп, оның ішінде 5 халықаралық, 11 республикалық, 169 облыс және аудандық 960 қалалық деңгейдегі іс-шара өткен.

Биылғы жарты жылдықта "Игі істер марафоны" жалпыұлттық жобасы, "30 игі іс" қайырымдылық акциясы, "Бірге таза Қазақстан үшін" сенбілігі, "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" ғылыми конференциясы, Алматы облысы халық театрларының фестивалі, "Мен Қазақстанның патриотымын!" акциясы,"Ел Астанасы" фотокөрмесі сияқты ауқымды жиындар қолға алынған.

Алматы облысында жыл басынан бастап 100 аса жаңа нысандар бой көтерді. 76 тұрғын үй, 6 мектеп, 135 балабақша, 3 спорт алаңы, 3 денешынықтыру кешені, 3 дәрігерлік амбулатория, 2 Мәдениет үйі,түрлі өндірістік және әлеуметтік-мәдени кешендер пайда болды.

Бұған қоса баспа беттерінде, әлеуметтік желілерде тәуелсіздііке орай ұйымдастырылған #Qazaqstan30 хештегімен «Тәуелсіздіктің берер маңызы туралы» 246 жарияланым жасалған.

Биылғы жыл «Еріктілер жылы» болып бекітілді,  сондықтан «Игі істер марафоны» жобасы біртіндеп іске асып жатыр.

Президент айтқан «еріктіліктің 7 бағыты» аясында 1051 акция өтіп , оған 13 мыңдай адам қатысқан.

Облыста әртүрлі азық-түлік жәрмеңкелерінен бастап, ғылыми конференцияларға дейін ұйымдастырылып жатыр.

Алматы облысының Егемендікке орай 16 қарашадан 16 желтоқсанға дейін бір ай бойы жалғасатын іс-шараларының жоспары да бекітіліп, орындалуға сақадай-сай тұр.

Abai.kz

0 пікір