Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 2686 0 пікір 13 Шілде, 2009 сағат 20:13

Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ. БІР МИНӨТТІҢ ҚАДІРІН БІЛЕСІЗ БЕ?

“Бір минөттің ішінде қанша іс тындыруға болады?” – деп осы­дан үш жыл бұрын саябақтың ішінде бейтаныс, шашын толы­ғымен қараға бояп алған ба, жоқ әлде өзінің табиғи түсі сол ма, білмедім, жасы біразға келіп қалған өзімнің атамдай бір кісі осы сұрақты қойып еді.
Ойымда ештеңе жоқ, еш ойланбастан, бір жағынан күлкім келіп: “Бір минөттің ішінде жи­ырма беттік газеттің тақырып­тарын шолып шығуға болады. Ал егер компьютердің алдында отырып әріп теретін болсақ, елуден аса сөз терер едім. Сол бір минөтті жарнама көруді жақсы көретін адамға берсек, бестен онға дейінгі жарнама көруге үлгереді. Спортшы болса, сол уақыт ара­лы­ғында 400 метрге жүгіріп келуіне болады. Тағы айтарым, егер косметикалық зат­тар шығаратын ірі фабрикаға кірсеңіз, бір минөттің ішінде жаңа техно­логияның көмегімен 20-дан астам кремді құтысына құйып, сыртын орап, жәшіктерге салып қоюға толық мүмкіндік бар. Ал тіпті футбол матчы болса, бір минөттің ішінде екі азулы коман­­далар­дың тағдырлары шешіледі. Денсаулық сақтау саласында сол бір минөт ішінде бір науқастың өмірін құтқарып қалуға болады. Тағысын тағы...” – деп бірталай жау­аптарды арты-артынан жау­дыра бердім.
“Бір минөттің ішінде не істеу­ге болады?”, – деді ол тағы да. Бірақ бұл жолы ол қарт бұл сұ­рақ­ты өзіне қойды.

“Мен саған, балам, бұл сұрақ­ты тегіннен тегін қоймағанымды іштей сезіп тұрған шығарсың. Құлыным, маған біраз жауаптар бердің. Оныңа рахмет. Бұл жауап­тардың көбісін өз өмір тәжіри­беңнен алғандығыңды да біліп отырмын. Уақыттың тездігі өте сұмдық, лезде өтеді де шығады. Соның ішінде “бір минөт” деген­нің өзіндік орны орасан. Мұны барлығымыз да мойындайтын шығармыз. Алайда, уақыт өте жыл­дам екен деп, оны қадірлемеуге, үнемдемеуге тағы болмайды. Бір минөттің ішінде қаншама ұлы істер атқаруға болады. Көзіңе сол уақыт ішіндегі тындырған істер мардым­сыз болып көрінер, бірақ, сол алпыс секундты сен игі жұмыстарға жұмсар болсаң, оның берері көп. Себебі, өмірдің өзі миллиондаған бір минөттен құралады емес пе! Әр нәрсенің шегі болады, ал уақыттың шегі өте қауіпті. Өмірдегі ұлы жаңалықтардың ашылуы, жетіс­­­­тікке жетудің шыңы бар болғаны бір-ақ минөттің ішінде шешіледі. Мінеки, көрдің бе, қызым. Уақыт­тың ұлылығы осында жатыр. Де­ген­мен де менің бұл айтқанда­рымды өзің де білетін шығарсың. Сендер жассыңдар, сендердің бі­летіндерің біздерден де көп. Сон­дықтан мына шал неменеге мыл­жыңдап, өзінше ақылсынып тұр деп ойлама. Менің айтарым тек бұл ғана емес...” – деп қалтасына қо­лын жүгіртіп, темекі қорабының іші­нен бір тал шылым алып шық­ты. Бірақ тұтатқан жоқ әлгісін. Мен болсам, еш үндеместен, тағы не айтар екен деп, қарттың жүзіне қарап отырдым. Үндемеген себебім, бұл бейтаныс қарттың мен үшін пайдалы нәрсе айтқалы тұрғанын іштей сездім.
“Тағы бір мысал келтірейін. Дәл қазір саған жүз теңге берсем не істер едің? Мүмкін оған бір ғана дана газет сатып алуға болар немесе бір құмыра ішетін сусын да келіп қалар. Бірақ, мәселе газеттің бір ғана санында емес, оның ішінде жазылған рухани, мәдени дүние­лер­дің адам баласы үшін қанша­лықты пайдалы екендігінде. Ал бір құмыра сусын қаланың дәл орта­сында өмір сүріп жатқан біз үшін ештеңе болмас, ал алыс елді ме­кен­дердегі ауыз су тапшылығын көріп отырған халық үшін орны бөлек. Немесе ыстықта, ен далада шөл­­деп келе жатқан, өлімнің сәл-сәл алдында ғана тұрған біреу үшін бір тамшы судың қадірі қандай?! Сол сияқты, егер біз қолымыз­дағы барлық жүз теңгелікті үнем­демесек, қалай болса солай, ақшаның қадірін кетіріп, түкке де тұрмайтын заттарға жұмсай берсек, онда оның қандай бере­ке­сі қалады?! Керісінше, сол ақ­шаны жинап, пайдалы нәрселерге жұмсасақ, бағана айтқанымыздай, көзге көрінбейтін жүз теңгенің де бізге берері ұшан теңіз болмақ. Уақыт пен ақша – қадірі жағы­нан синонимдес ұғымдар. Бұл екі нәрсені барлығымыз да жаны­мызға жақын тартамыз, жақсы көреміз. Бірақ, кейде бұл екеуі адам­ға үрей мен қорқыныш әке­летін кез де болады. Уақыт пен ақшаны дұрыс иелене білмесең, одан қауіпті нәрсе жоқ. Ал олар­ды басқара білгендік – нағыз ақылдының істейтін ісі. Сен әлі жассың, бесігіңнен белің де шық­паған сәби секілдісің. Алайда, осы бастан-ақ неғұрлым бұл екі затты қадір тұтсаң, өмірдегі жеңілі­сің­нен жеңісің анағұрлым басымдау, көбірек болады. Уақытты өткізіп алсаң, оны шегіндіре алмайсың. Сондықтан есің барда еліңді тап дегендей, қолыңдағы бар нәрсе­нің, мейлі ол уақыт болсын, не дүние болсын, бәрінің де қадірін біл. Әйтпесе, міне, мен сияқты “Әй, әттеген-айдың” кейпін ке­шуге тура келеді. Менің айтарым осы ғана. Айтылғандардың бәрін өз түйсігіңмен, санаңмен сара­лар­сың!” – деп бағанағы тұтатпаған шылымын аузынан алды да екі бөліп, қасында тұрған қоқыс жәшікке лақтырып, орнынан тұрды да кете берді.
Бір кезде артына қайта бұрыл­ды, күлімсіреп: “Ал мен болсам, бір минөтті пайдаланып саған ой салдым ғой деймін, ә, қызым. Осы бір минөттің ішіндегі айтыл­ған сөздер сенің бүкіл өміріңдегі ең елеулі бір оқиғалардың себепкері болмауына кім кепіл!?” – деп сөзін аяқтады да, екі қолын артына салып, ақырын кете бар­ды. Мен тағы үндемедім...
Үш жылдан бері барлық бас­та­ған жақсы істерімнің бастауын­да сол кісінің айтқан: “Бір ми­нөт­тің ішінде не істеуге болады” де­ген сөзі тұрған сияқты. Яғни, осы бір ауыз сөздің құны содан бері мен үшін аса қымбат.

Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ, ЕҰУ студенті.
«Егемен Қазақстан» газеті

0 пікір