Мұнайдар Балмолда. Ұлттық идеология қашан болады?
Тәуелсіздігіміздің бастапқы кезеңінде ұлттық идеология жайында біраз айтылып, жазылып, қоғамдық пікір қазандай қайнап-ақ жататын. Осы күні тынышталды. Тіпті ол қақында ауыз ашпайтындай күйге жетіппіз. Телеарналарымызда күндіз-түні ән-музыка, бітпейтін бір телесериалдар, бір-бірінің айнадағы көрінісіндей егіз қозыдай ұқсас бағдарламалар. Әйгілі дейтін зиялыларымыз, билік басында отыр дейтін қалаулыларымыз бұл тақырыпты үсті жауыр болған мініс аттай көріп, айдалаға қаңтарып қойған секілді. Жабулы қазан жабулы күйі жатыр...
Негізі бізде ұлттық идеологияның алғы шарттары мен тетіктері бар ғой, бірақ ол мына сауда-саттық, гендер-тендер, сыбайластық жайлаған заманда бізге оңай байқала бермейді. Ұлтымыздың ұстыны ретінде тасқа түскен таңбадай қылып бекіткен идеологиямыз болмаған соң, оны жоқтауды да қойып барамыз.
Қазақстанның он алты миллионнан аса түскен халқын біртұтас етіп ұстап, бір бағытқа - азат рухымызды асқақтатып, тәуелсіздігімізді баянды қылып, ғасырдан ғасырға аманаттар ұлттық идеология бүгін ауадай қажет! Онсыз жасалар қадам - құрдым алдындағы далбаса қимыл.
Қазір өз халқымызды «көп ұлтты, көп ұлтты елміз» деп әбден миын шайқап тастадық. Шынында Қазақстанда 130 ұлттың өкілі жоқ.
2009 жылы жүргізілген ұлттық халық санағының дерегі бойынша:
Қазақтар 63,6%,
Орыстар - 23,3%,

Өзбектер - 2,9%,
Украиндықтар - 2,0%,
Ұйғырлар - 1,4%,
Татарлар - 1,2%,
Немістер - 1,1%,
өзге де этностар - 4,5% қалғаны қағаздан қағазға жай ақпар ретінде көшіп жүргендерін білем. Келімді-кетімді адамдарды қосып, ресми ақпарат жасап, мұқым елді баладай алдап отырмыз. Жарайды, жақсы. Енді осы «қырық рулы» халқымызды ұйыстырар не нәрсе? Ассамблея дегенбіз, ол да емес сияқты. Діннен іздегенбіз, неше бір дінбұзарлар қаптап, дәстүрлі қос дін: ислам мен христиан дінін шайқап алдық. Бұлар да керек. Бірақ енді ынтымақтың алтын кілтін неден іздеп, қайдан табамыз? Меніңше, ол - әлі қалыптаспаған, дұрысы хатқа түсіп, Ата Заңымыздай берки қоймаған ұлттық идеологиямызда болса керек.
Оның жөн-жосығын, бағыт-бағдарын тарқатып берер мен бір данышпан емен, алайда осы елдің перзенті, азаматы ретінде шын жүрегіммен ондай басты құжаттың ең алдымен қазақтың атынан айтылып, соның мақсат-мүддесін көздеуі керектігін сезінемін. Бұл алып елде қазақ бақытты болмай басқа бақытты бола алмайды. Тойынар, еркін жүріп-тұрар, бірақ ол толыққанды бақыт емес қой. Бақыт дегеніңіз - бірлікте. Әлем алдында өзіндік даму жолы, азат рухы бар ел бола білуде. Сол себепті де Қазақ тілін шын мәніндегі мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеріп, сан салалық еңбек пен тәлім-тәрбие мәселесінде Қазақ дейтін біртұтас ұғым, біртұтас рух жатуы қажет! Елдің аты Қазақстан екені рас болса, қазақ мүддесі алдыңғы орында тұруы құдайы әділдік. Қазақ жерінде туып-өскен, азаматтығын алып тұрып жатқан өзге ұлт баласы мұнымен таласпауы тиіс,қайта шын қазақстандық болса, қолдап-қуаттауы керек. Мәселен, олимпиаданың қай жеңімпазына да қазақ бірі қалмай қол соқты, бөркін аспанға атып қуанды, өгейсімеді, бәрін өзім деді, міне, осы тәрізді кім-кім де ұлттық идеологияны өз өмірінің маңызды шарты, басты қажеті деп түсінуі керек және осы талапқа сай идеология да жасалуы керек деп ой түйіп, үміттенемін.
Осы маңызды мәселені қайтып ауызға алып, ел болып ат салысар күн туды. Бұдан ешкім де сырт қалмауы тиіс. Себебі ұлттық идеология - елдің болашағын болғызар, соған қадам басқызар тың серпін, күш-қуат көзі!
Оян, қазақ!
Орал қаласы
«Абай-ақпарат»