Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2895 0 пікір 18 Тамыз, 2012 сағат 12:51

АСЫЛНҰР ОРЫНБЕК. БӘЙДІБЕКТЕГІ БЕРЕКЕ

Жуырда облыс әкiмi Асқар Мырзахметов iссапармен Бәйдiбек ауданында болды. Өңiр басшысы алдымен Жоғарғы Боралдай ауылындағы «Ақниет» шаруа қожалығының тыныс-тiршiлiгiмен танысты. Мал бордақылау iсiн дұрыс жолға қоя бiлген шаруа қожалығының иелiгiнде 600 гектар жер бар. Оның 370 гектары жайылым болса, 100 гектары суармалы. Шаруа қожалығының төрағасы Әбiлсейiт Бурабековтiң айтуынша, аталған аумақ толығымен тиiмдi пайдаланылуда.

- «Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы мемлекеттен қаржы алып, сүт өнiмдерiн шығаратын кәсiпорын мен заманауи мал сою бекетiн салмақшымыз. Жобаның жалпы құны 310 млн. теңгенi құрайды. Егер жоспарымыз жүзеге асса, жылына 300 тонна ет және 300 тонна сүт өнiмдерiн өндiрсек деген ойымыз бар. Кәсiпорында 64 адам жұмыспен қамтылады деп күтiлуде, - дейдi төраға.

Бүгiнде «Ақ ниетте» шөп дайындау және топырақ өңдеу техникалары жеткiлiктi. Ендiгi мақсат - шетелден сүт өнiмдерiн өңдейтiн заманауи құрылғылар әкелу болып тұр. Осында аудан кәсiпкерлерiмен кездескен облыс әкiмi олардың көкейде жүрген өзектi мәселелерi мен ой-пiкiрлерiн тындады. Кәсiпкерлер субсидия, мал шаруашылығын дамытуға қажеттi жер бөлу мәселелерi жөнiнде ой қозғады.

Жуырда облыс әкiмi Асқар Мырзахметов iссапармен Бәйдiбек ауданында болды. Өңiр басшысы алдымен Жоғарғы Боралдай ауылындағы «Ақниет» шаруа қожалығының тыныс-тiршiлiгiмен танысты. Мал бордақылау iсiн дұрыс жолға қоя бiлген шаруа қожалығының иелiгiнде 600 гектар жер бар. Оның 370 гектары жайылым болса, 100 гектары суармалы. Шаруа қожалығының төрағасы Әбiлсейiт Бурабековтiң айтуынша, аталған аумақ толығымен тиiмдi пайдаланылуда.

- «Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы мемлекеттен қаржы алып, сүт өнiмдерiн шығаратын кәсiпорын мен заманауи мал сою бекетiн салмақшымыз. Жобаның жалпы құны 310 млн. теңгенi құрайды. Егер жоспарымыз жүзеге асса, жылына 300 тонна ет және 300 тонна сүт өнiмдерiн өндiрсек деген ойымыз бар. Кәсiпорында 64 адам жұмыспен қамтылады деп күтiлуде, - дейдi төраға.

Бүгiнде «Ақ ниетте» шөп дайындау және топырақ өңдеу техникалары жеткiлiктi. Ендiгi мақсат - шетелден сүт өнiмдерiн өңдейтiн заманауи құрылғылар әкелу болып тұр. Осында аудан кәсiпкерлерiмен кездескен облыс әкiмi олардың көкейде жүрген өзектi мәселелерi мен ой-пiкiрлерiн тындады. Кәсiпкерлер субсидия, мал шаруашылығын дамытуға қажеттi жер бөлу мәселелерi жөнiнде ой қозғады.

- Бәйдiбек ауданы негiзiнен мал шаруашылығын дамытуға қолайлы өңiр. Сiздердiң мүмкiндiктерiңiз жоғары. Жайылым да, мал да, Үкiметтен берiлетiн көмек те бар. Одан қалса «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы да несие беруге әзiр. Сондықтан жергiлiктi билiк пен кәсiпкерлер бiрлесе жұмыс атқаруы тиiс. Iстi бастамас бұрын оның жобасын, жоспарын жасап, тиiстi орындарға өткiзiңiздер»,  - деген облыс басшысы аудан әкiмiне кәсiпкерлiктi дамыту iсiн жандандыра түсудi тапсырды.

Одан кейiн Асқар Исабекұлы Ақбастау ауылындағы «Ысқақ Тасболат» шаруа қожалығының жұмысын көрдi. Мұнда 100 гектар жерде жемiс-жидектер өсiрiлмек. Оның басым бөлiгi жүзiмдiк болмақ. Құны 60 млн. теңгеге жуық жоба биыл жүзеге асырылып, 10 адам жұмыспен қамтылады деп күтiлуде. Қазiргi таңда мұнда су жүйесi тартылуда. Жемiс-жидектердiң ең өнiмдi, сапалы тұқымдары әкелiнген. Жүзiм бағын жайқалтуға бел буып отырған кәсiпкерлер «Максимум» АИО арқылы берiлген несиеге риза екендiктерiн жеткiздi.

Ақбастаудағы «Шаян» өндiрiстiк кооперативi де ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiру iсiн қолға алған. 1998 жылы құрылған кооперативтiң жер көлемi 4500 гектар болса, оның 27 гектары бау. Көшеттерi 2007 жылы отырғызылған 23 гектар алма және 4 гектар жүзiмдiк өнiм бере бастапты. Шаруа қожалығының иелiгiнде 6 техника бар. Облыс әкiмiнiң кәсiпкерлерге көрсеткен қолдауының арқасында инфрақұрылымды жақсартып алғанын айтқан кооператив төрағасы П.Шардарбеков алдағы уақытта бау-бақша көлемiн ұлғайтуды көздеп отырғанын жеткiздi.

Облыс әкiмi Бiрлiк ауылындағы А.Нысанов атындағы мектептiң құрылысымен де танысты. Мектептiң сметалық құны - 250263 мың теңге. Нысанның құрылысын «Шах-2030» ЖШС-i жүргiзуде. Аудан әкiмi Р.Жолдас  Бәйдiбектегi бiрқатар мектептердiң ескi екенiн, оларды қайта салу жөнiнде құжаттар дайындалғанын айтты. Ауызсу құбырларын жүргiзу бағытында да атқарылар жұмыстар бар екенiн жеткiздi. Ауыл тұрғындары атынан сөйлеген ақсақал Әлiмхан Мырзабаев ауылдың әлеуметтiк мәселесiне қамқорлығын аямаған өңiр басшысының жұмысына риза- лықтарын бiлдiрдi.

Тұрғындардың бiрқатар талап-тiлектерiн ескерген Асқар Исабекұлы: «Бiлiм саласына облыс бюджетiнiң үштен бiрi жұмсалады. Әлем елдерiн шарпыған қаржы дағдарысына қарамай мемлекетiмiзде мектептер, балабақшалар көптеп салынуда. Мұның бәрi Елбасымыздың салиқалы саясатының жемiсi. Сондықтан жұмсалған қаржы өзiн ақтасын десек, әрбiр ата-ана, зиялы қауым өкiлдерi ұрпақ тәрбиесiне, оның сапалы бiлiм алуына жауапты болуы тиiс», -дедi.

Мектептiң жай-күйiмен танысып шыққан облыс әкiмi одан кейiн Шаян ауылында салынып жатқан 360 орынды кәсiптiк техникалық лицей мен оның жанындағы 180 орынды жаттақханасын аралап көрдi. Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылған нысанның сметалық құны  2453925 мың теңге. Құрылыс жұмыстарын кешеуiлдеткен «Атриум-АС» ЖШС-нiң жұмысына көңiлi толмаған облыс басшысы мердiгер компанияның директоры С.Юсуповке өз iсiне жауапкершiлiкпен қарау керектiгiн ескерттi. Облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тұманбек Әлиевке  бақылауды мiндеттеп, егер талап орындалмаса, бұл жұмыс басқа мердiгерге жүктелетiнiн қадап айтты.

Бәйдiбек ауданы үшiн «Қапшағай» су қоймасы мен осы су көзiнен бастау алатын «Комсомол» каналының маңызы зор.  34 млн. текше метр су сиятын су қоймасы 1982 жылы салынған. 2000 жылы  күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлген. Ал, 2007-2010 жылдары Комсомол каналын қалпына келтiру жұмыстары қолға алынып, оған республикалық және облыстық бюджет есебiнен 1046 млн. теңге жұмсалған. Нәтижесiнде каналдың 21,7 шақырымы темiр-бетонмен қапталып, 18 су қақпасы мен канал бастауының 1500 метрi қайтадан жөнделдi.  Алдағы уақытта арнаның тозған лотоктары мен  1556 гектар алқапты құрайтын iшкi жүйесiн күрделi жөндеу үшiн 2013 жылғы бюджет есебiнен қаржы қарастырылады деп күтiлуде. Жоғарыда атқарылған жұмыстардың арқасында ауданда суармалы жер көлемi ұлғайып, онда күнбағыс, жүгерi және майкене өсiмдiктерi егiлiптi. Ұлттық агроөнеркәсiп кешенiнiң облысымыздағы iс жүргiзушiсi Дастан Махамбетәлиевтiң айтуынша, бұрын жұртқа таңсық болып табылатын майкене өсiмдiгiнiң пайдасы көп екен. Одан кастроиль майы шығарылады. Ол медицина мен авиация саласында кеңiнен қолданылады.

- Облыс әкiмiнiң бастамасымен «Қапшағай» су қоймасы мен Комсомол каналы жөнделдi. Нәтижесiнде суармалы жер көлемi ұлғайды. Осы мүмкiндiктi пайдаланып бiз 300 гектар жерге майкене, 150 гектарға жүгерi ектiк. Майкененiң тұқымын Израильдiң компаниясы тегiн бердi. Әр гектарынан 4 тоннадан аламыз. Ал, оның бiр тоннасы 750 долларға бағаланады. Келесi жылы егiстiк көлемiн ұлғайтуды көздеп отырмыз, - дейдi ол.

Бәйдiбек ауданында өсiрiлiп жатқан майкенеге қазiрдiң өзiнде сұраныс өте жоғары. Қытайдың компаниялары шикiзатты сатып алуға тапсырыс берiп қойған. Асқар Исабекұлы шикiзатты өңдеп, дайын өнiм шығаратын кәсiпорынды облысымызда салу керектiгiн айтып, сала басшыларына осы мәселенi зерттеудi тапсырды. Кәсiпкерлер де шикiзатты шетелге тасығанша, өз елiмiзде дайын өнiм өндiру өте құптарлық бастама екендiгiн, бұл iстi жүзеге асыруға болатынын тiлге тиек еттi.

Iссапарын қорытындылаған облыс басшысы Бәйдiбек ауданында  iлгерi басушылық бар екенiн және тұрғындардың талап-тiлектерi бойынша тиiстi жұмыстар жүргiзiлетiнiн мәлiмдедi.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394