Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 2553 0 пікір 14 Шілде, 2009 сағат 15:33

Назар аударыңыздар! Интернет-конференция

Жаз. Сары қымызды сапырып ішіп, сарық басатын мезгіл. Алыс жайлауларда, көкорай шалғындарға көмілген құтты қоныстарда желі тартылып, бие байланып сай саладан саумал исі аңқып тұрған болар.  Жарау, жүрісті аттарды ерттеп мініп ел аралап қымыздың қызығына бөгетін кез дәл осы кез. Бірақ, баяғыдай арқаны кеңге салып, тымақты алшысынан киіп алшаңдап басар заман емес қазір. Әйтседе, бірақ, аузымыз ақтан арылмауға тиіс. Асадалдың ішіндегі барлық дәмнің қасында қымыз бен шұбат тұруы керек. Ол үшін қымыз бен шұбатты ауылдан құмыралап тасу аздық етеді. Ірі қалалардың маңында қымыз, шұбат, айран шығаратын зауыттар жұмыс істеп тұруы қажет. Әлгіндей зауыттардың өнімі күнделікті сұранысты қамтамасыз етуімен қатар  қаншама адамның адал ақы маңдай терінің өтеуі болар еді. Қанша отбасының тұрақты табыс көзіне айналып, қуанышқа бөлер еді. Қала бюджеті де толыға түсер еді. Міне, осындай игілікті істі қолға алып жұмысты бастап кетуге тәуекел етіп жүрген азамат – Ахметбек Нұрсилә деген бауырымыз болады. Ахметбектің «Саржайлау» қымыз орталығы қазірдің өзінде  Алматыдағы ірі сауда орындарын қымызға толтыра бастады. Алайда, оның қарекетіне үкімет тарапынан нақты қолдау керек. Спиртті ішімдік өнеркәсібін дүрілдетіп жолға қойған Қазақстан нетүрлі ауруға шипа, ұлттың бойындағы әл қуатын еселейтін қымыздың қаладағы нарыққа келуіне мықтап көңіл бөлуі керек.

Жаз. Сары қымызды сапырып ішіп, сарық басатын мезгіл. Алыс жайлауларда, көкорай шалғындарға көмілген құтты қоныстарда желі тартылып, бие байланып сай саладан саумал исі аңқып тұрған болар.  Жарау, жүрісті аттарды ерттеп мініп ел аралап қымыздың қызығына бөгетін кез дәл осы кез. Бірақ, баяғыдай арқаны кеңге салып, тымақты алшысынан киіп алшаңдап басар заман емес қазір. Әйтседе, бірақ, аузымыз ақтан арылмауға тиіс. Асадалдың ішіндегі барлық дәмнің қасында қымыз бен шұбат тұруы керек. Ол үшін қымыз бен шұбатты ауылдан құмыралап тасу аздық етеді. Ірі қалалардың маңында қымыз, шұбат, айран шығаратын зауыттар жұмыс істеп тұруы қажет. Әлгіндей зауыттардың өнімі күнделікті сұранысты қамтамасыз етуімен қатар  қаншама адамның адал ақы маңдай терінің өтеуі болар еді. Қанша отбасының тұрақты табыс көзіне айналып, қуанышқа бөлер еді. Қала бюджеті де толыға түсер еді. Міне, осындай игілікті істі қолға алып жұмысты бастап кетуге тәуекел етіп жүрген азамат – Ахметбек Нұрсилә деген бауырымыз болады. Ахметбектің «Саржайлау» қымыз орталығы қазірдің өзінде  Алматыдағы ірі сауда орындарын қымызға толтыра бастады. Алайда, оның қарекетіне үкімет тарапынан нақты қолдау керек. Спиртті ішімдік өнеркәсібін дүрілдетіп жолға қойған Қазақстан нетүрлі ауруға шипа, ұлттың бойындағы әл қуатын еселейтін қымыздың қаладағы нарыққа келуіне мықтап көңіл бөлуі керек. Ахметбек мырзамен осы мәселе бойынша әңгіме өткізбекпіз. Инернет-конференцияға қатысыңыз, ойларыңызды ортаға салыңыз. Сауал жолдаңыз.

 

Сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңызды осы электронды пошталарға жолдаңыздар: abai-akparat@mail.ru, dauren-kuat@mail.ru, asarimov@mail.ru


0 пікір