Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2473 8 пікір 5 Қаңтар, 2022 сағат 11:47

Бақытжан Сағынтаев үндеу жариялады

Құрметті алматылықтар!

Қаладағы ауыр жағдайға байланысты өздеріңізге үндеу жолдаймын.

Қаламыздың тыныштығын бұзуға арандатушылар экстремистік әрекеттерімен сырттан да, іштен де әсер етуде.

Алматының тыныштығы мен бейбіт өмірін сақтау мақсатында құқық қорғау органдары қажетті шараларды қабылдауда. Қазір қаладағы жағдай билік бақылауына алынды.

Арандатушылар мен экстремистер ұсталып, бүлік салушылар анықталып жатыр.

Жаңа ғана Мемлекет басшысы 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында Алматы қаласында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл заңдылық пен тәртіпті қалыпқа келтіру, қоғам қауіпсіздігін сақтау, азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғау жолындағы маңызды шешім.

Ел Президентінің Жарлығына сәйкес қалалық полиция департаментінің бастығы, генерал Қанат Таймерденов Алматы қаласының Коменданты болып тағайындалды.

Әкімдік қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық саланы қалыпта ұстау мақсатында жұмыс істеуде.

Біздің ортақ мақсатымыз – қаламызда тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, бейбіт халықты қауіп-қатерден аман сақтау.

Сондықтан бәріңізді арандатушылық пен заңсыздық әрекеттерді қолдамауға шақырамын.

Бүгінгі түнде қаламыздың тыныштығын сақтауға атсалысқан тәртіп сақшылары мен барлық жауапты қызметкерлерге түсіністік танытып, жауапкершілікпен қараған алматылықтарға рахметімді айтамын!

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371