Сенбі, 23 Қараша 2024
1311 0 пікір 10 Қаңтар, 2022 сағат 09:32

Бүгіннен бастап "Қазпоштадан" ақша алуға болады

10 қаңтардан бастап "Қазпошта" бөлімшелерінен ақша алуға болады. Бұл туралы "Қазпошта" АҚ департаментінің директоры мәлімдеді.

"Қазпошта" маманы 10 қаңтардан бастап елдегі барлық бөлімше ашылатынын айтты. Интернет жұмыс істесе, зейнетақы төлемдері де берілетінін мәлімдеді.

"Қазір банкоматтарға ақша салу жұмысы басталып кетті. 10 қаңтардан бастап "Қазпошта" бөлімшелері мен банкоматтарыннан ақша шешуге болады. Сонымен қатар, Қазақстан бойынша жолдар ашылуына байланысты компания қызметін қайта бастайды", - "Қазпошта" АҚ департаменті директоры Алина Жанқұлова.

Еліміздің әр аймағында болған жаппай тәртіпсіздік пен бүлік салдарынан қаржы ұйымдарының жұмыстары тоқтатылып, интернет ажыратылған күйде тұр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371