ҰҚК: Экстремистік топтың төрт мүшесі ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 9 қаңтарда Алматыда экстремистік топтың төрт мүшесін ұстағанын мәлімдеді.
Тергеу тұжырымына сәйкес, олар Қазақстанға "жаппай құқыққа қайшы акцияларды дайындап, сондай-ақ билік органдары мен қарулы құрылымдарға шабуыл жасау үшін келген".
"Олардың тұрғылықты мекендерін тексеру барысында атылатын қару, дыбыс-жарық гранаталар, оқ-дәрілер және діни әдебиеттер заттай айғақ ретінде тәркіленді. Ұйым жетекшісі халықаралық террористік ұйыммен байланысы бар, жаппай тәртіпсіздікке белсенді түрде ат-салысқан шетел азаматы болып табылады", - деп хабарлайды ҰҚК.
Оларға осы мақсатта көмек берушілерді іздестіру ұйымдастырылып жатыр. Алайда әзірге кейбір ақпаратты жариялау мүмкін емес.
Abai.kz