Дүйсенбі, 14 Қазан 2024
3487 1 пікір 14 Қаңтар, 2022 сағат 12:00

Марат Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды

Экс-әділет министрі Марат Бекетаев жаңа қызметке келді.

Үкімет басшысының өкімімен Марат Бекетаев Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың кеңесшісі болып тағайындалды. Бұған дейін Марат Бекетаев қызметінен кетуге байланысты жазба жазып, жаңа Әділет министрі Қанат Мусиннің қызметіне сәттілік тілеген еді.

Марат Бекетаев ҚР Әділет министрлігін 2016 жылдан бері басқарды. Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінде, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде және Президент Әкімшілігінде қызмет атқарған.

Abai.kz

1 пікір