Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3537 9 пікір 24 Қаңтар, 2022 сағат 14:32

Cот жүйесінегі әділетсіздікті жоймай, әділетті қоғам орнату мүмкін емес!

Бүгінгі журналисттің сұрағына тап осылай жауап бердім. Өйткені, кіммен болсын арадағы келіспеушілігіңіз болса, сот арқылы шешіп алуға болады (Атқарушы билік пен күштік құрылымдар, жұмыс берушіңіз бен денсаулық, білім т.б. сала қызметкерлерімен де.)

Біздің соттардың көзіңді бақырайтып қойып әділетсіз шешімдерді шығара салатынын талай көріп жүрміз. Қарсылық білдірсеңіз айтатын уәждері — «Келіспеген жағдайда аппеляциялық сотқа арыздануыңызға болады…». Аппеляциялық сотта барыңды салып жеңіп шығуың мүмкін. Бірақ, сол кездің өзінде бірінші сатыда қараған судьяға ешқандай шара көрілмейді. Өйткені, заңмен қорғалған.

Сонда, сіздің бірінші сатыдағы соттың кесірінен сандалған жарты жылдық уақытыңыз бен жүйкеңізге түскен салмаққа кім жауап береді?

Ешкім жауап бермейді. Әрі, көп адам екінші сатыдағы сотқа сандалып жүргісі келмейді. Ашынған адамға ең оңайы алаңға немесе әкімшілікке барып ашу-ызасын төгіп қайту. Осылай-осылай жиналған ашу мен ызалы халық санының көбеюі — «бір күні жарылатын бомба». Ол «жарылған бомбаның» салдарынан «бастары ауыратын» үкімет пен күштік құрылымдар.

Ал, біздің «айлықтары көтерілген» судьяларымыз (халықтың көшеге шығуына басты себепкер шешімдердің авторлары) көшедегі полиция мен халықтың қарсыласып жатқандығына миығынан қарап, үйлерінде «шәйларын сораптап» жата берулері әділетсіздік емей немене?!

Сот сіздің арызыңыз бойынша әділ шешім шығырмаса қайда барасыз?! «Көше мен алаңға» барасыз. Солай етсеңіз сіздің «қолыңызды қайырып» қайда апарады? Қайтадан әлгі сотқа апарады.

Сондықтан, кешегі көшеге ашынып шыққан халықтың сондай күйге жетуінің басты себепкерлері ретінде судьялардың әділетсіз шешімдері деп танылып, сот жүйесін толықтай қайта реформалауды ұсынамын!

Менің ұсынысым: Бірінші сатыдағы соттың шешімі екінші сатыдағы аппеляциялық сотта күші жойылатын болса, онда, сол бірінші сатыдағы судьяға шара көрілуі керек. Жылына екі рет сол судьяның шешімі жоғарыдан бұзылатын болса, ол судьяны жұмыстан босату керек. Олай біліктілігі жетпейтін судьяның адам тағдырына қатысты мемлекет атынан үкім шығаруға хақысы жоқ.

Рүстем Әшетаев

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371