Сенбі, 23 Қараша 2024
4775 13 пікір 7 Ақпан, 2022 сағат 18:16

Орыс офицері: Путин соғыс өртін тұтатты

Бүкілресейлік офицерлер жиыны Путинді «соғыс өртін тұтандырды», деп кінәлап,  Украинаға соғыс ашуға қарсы шықты.

«Бүкілресейлік офицерлер жиынының» төрағасы, отставкадағы генерал-полковник Леонид Ивашов Украинамен соғысуға қарсы шығып, Владимир Путин мен ресейлік азаматтарға арнап үндеу жариялады. Үндеу-хат 31 қаңтар күні «Бүкілресейлік офицерлер жиыны» сайтында жарық көрген.

Хатта: «Соғыс дегеніміз - «үлкен қасірет» әрі «ауыр қылмыс», делінген. Ивашов: «Бұрын Ресей мен КСРО басқа амалы қалмаған соң, соғысқа қатысуға мәжбүр болған», - дейді.

«Бүгінде Ресейге қауіп төніп тұр ма? Болса қандай қауіп? Шындығында қауіп-қатер көрер көзге айқын. Ол – елдің өз тарихын аяқтауға шақ қалды. Барлық маңызды салалар, соның ішінде демография тұрақты түрде төмендеп барады, ал халықтың жойылу қарқыны әлемдік рекордқа жақындады. Ресейге басты қауіп: мемлекет мен биліктің басқару моделінен туындаған «жүйелік деградация» деп аталады», - дейді генерал-полковник.

Ивашов қауіп-қатерлер бар болғанымен, олар қазіргі жағдайда маңызды емес. «Стратегиялық тұрақтылық сақталуда, ядролық қару сенімді бақылауда, НАТО күштерінің топтары құрылып, қауіп төндіріп жатқан жоқ».

Отставкадағы әскеридің айтуынша, Украина мәселесінің шиеленісуі ішкі күштердің «жасанды» және «ашкөз» пейілдерін көрсетеді, ал, болуы мүмкін соғыс «Ресейдің мемлекет ретінде өмір сүруін» белгісіз жағдайға қалдыруы мүмкін және ресейліктер мен украиналықтарды мәңгі «бітіспес жауға» айналдырады әрі көптеген адам құрбан болады.

«Біздің ойымызша, үкімет елді жүйелі дағдарыстан шығары алмайтынын біліп... Ресей мемлекеттілігін түпкілікті жою және елдің байырғы халқын жою үшін саяси бағытты жандандыруды шешті», - деп жазылған хатта. Ивашов соғыс билікті сақтап қалу үшін пайдаланылауы мүмкін деп есептейді.

Қозғалыс өкілдері Владимир Путиннен «соғыс өртін тұтандыру қылмыстық саясатынан бас тартып» отставкаға кетуін сұрайды. Сонымен бірге, Ресей азаматтарынан, әскерилер мен отставкадағы әскерилерден  «соғысты насихаттауға және бастауға белсенді түрде қарсы тұруды» өтінеді.

Ивашов 1996-2001 жылдары Ресей Қорғаныс министрлігінің Халықаралық әскери ынтымақтастық Бас басқармасының бастығы болды. Отставкадағы Генерал батысты үнемі сынға алып, НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюіне қарсы болды. Ивашов басқарған «Бүкілресейлік офицерлер жиыны» - консервативті көзқарастардағы офицерлер қауымдастығы.

Батыс елдерінің мәліметтері бойынша, Ресей Украинамен шекарасында шамамен 130 мың әскерін ұстап тұр. Кремль соғыс бастау туралы жоспарларының  жоқ екенін айтуда.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394