Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 2893 0 пікір 14 Шілде, 2009 сағат 19:41

ОҚО-ның Отрар аудан әкімінің орынбасары $50 мың парамен ұсталды

Шымкент. 14 шілде. ҚазТАГ- Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отрар аудан әкімінің орынбасары өз кабинетінде «Стройинвест ЮКО» ЖШС директор орынбасарынан $50 мың (7,5 млн теңге) пара алу кезінде, ОҚО экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес департамент қызметкерлерімен ұсталды. Бұл туралы департамент баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, маусым айында департаментке «Стройинвест ЮКО» ЖШС директоры Отрар ауданы әкімінің орынбасарына қатысты шара қолдануын өтінген шағым түсіріпті. Шағымданушының айтуынша, шенеунік пара түрінде аталған ауданның жолдарын жөндеуге мемлекеттік сатып алулар бойынша жарияланған байқаудан ұтып алған жұмыс сомасының 10%-ын сұраған. Байқау сомасы 75,085 млн. тенге болған. Осы алған 7,5 млн теңге не $50 мың пара үшін шенеунік жұмыс барысын бақылауда қамқорлық көрсетуді уәде еткен.

«Аталған нысан «жол картасы» мемлекеттік бағдарламаға енген. Отрар аудан әкімінің орынбасарының үстінен пара алу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол тергеу изоляторына жатқызылды», - дейді баспасөз қызметінен.

0 пікір