Сенбі, 23 Қараша 2024
Пікір 3548 16 пікір 15 Ақпан, 2022 сағат 13:39

Қазақстанға АЭС салу – қазақты құрту!

Қазақстанда АЭС салу жайлы сөз бүгін ғана шыққан жоқ. Қазақстанда АЭС салу тақырыбы бүгін көтеріліп тұрған жоқ, оның тарихы мен бастауы тереңде.  Қазақстанда АЭС салу идеясы сонау 90-жылдары туындады. Кеңес империясының шеңгелінен шыққан Қазақстан үшін ондай жобаға қаржы салу мүмкін емес еді.

1997 жылы жаңа АЭС салу қажеттілігі туралы идеяны Білім және ғылым министрі болған Владимир Школьник айтқан болатын. АЭС-ті салу орнын Батыс немесе Балқаш маңында деген болжамдар айтылды.

1997 жылы мамандар Ресейлік конструкторлар жасаған реакторлармен Балқаш АЭС құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін жасап шықты. Бір жылдан кейін Үкімет атом станциясын салу туралы мәлімдеді: АЭС-тың бірінші қондырғысы 2005 жылы іске қосылады деп жоспарланған болатын. Ал тұтастай АЭС 2015 жылы қолданысқа берілуі тиіс еді. Қазақ халқы АЭС салу идеясына қарсы шықты. Ондаған жылдар бойы Семей полигонының зардабын шегіп, радиацияның сұмдығын көрген халық бұл бастаманы қолдамады. Қолдаусыз қалған бастама ұзақ уақытқа айтылмай, тақырыптар аясынан түсіп қалды.

Онан соң 2006 жылы мамандар Маңғыстау атом энергокомбинатының орнына АЭС салсақ қайтеді деді. Бұл ұсынысты естіген Ресей билігі бірден өз «көмегін» ұсынып: «Біз жаңа реактор орнатсақ, бұл шығыны аз жоба болар еді», - деп мәлімдеді. Билік техникалық сметасын жасап, Үкімет оны қарастырып жатты. Тіпті, Энергетика және минералды ресурстар министрлігі 2009 жылы АЭС салуды бастап, 2020-да аяқтаймыз дегендей болды. Алайда, Ақтау халқы бұл бастамаға қарсы шығып, акциялар ұйымдастырды.

2011 жылы Қазақстан мен Ресей бейбіт атомды қолдану туралы меморандумға қол қойды. «Қазатомпром» басшысы болған Владимир Школьник: «Қазақстанда жарылмайтын станция салынады», - деп мәлімдеді. Ол мәлімдемесі Жапониядағы АЭС апатына байланысты айтылған болатын. Дәл АЭС салу идеясын 1997 жылы осы Владимир Школьник алға тартқанын айтқан едік.

2013 жылы АЭС салу бойынша ұсынысты сол кездегі президент Н.Назарбаев нақты іске асыру шараларына көшуге шақырған болатын. Кейіннен АЭС салуға ыңғайлы деп бірнеше жер таңдалды. Сарапшылар ең тиімді деп Балқаш маңындағы, Үлкен елді-мекенін атап өтті.

АЭС салу мәселесі ұзақ жылдар бойы тек талқы ретінде қалып отырды. 2019 жылы Ресей басшысы Путин АЭС салуға қатысты өз ұсынысын айтты, алайда Қазақстан басшысы Тоқаев елдің ойын ескерместен мұндай жобаны бастамайтынын мәлімдеді.

2021 жылы АЭС салу идеясы қайта талқылына бастады. Мамыр айында президент АЭС салуда асықпау керектігін, алайда уақыттан да қалмау қажеттігін айтқан болатын. Ал жолдауда бейбіт атомға қатысты сөз қозғап, Ресей форумында АЭС керектігін айтты. Президенттің бұл сөзінен кейін Қазақстанның саяси элитасындағы ірілі-ұсақты шенділер бірінің ізін ала екіншісі, АЭС қажеттілігі туралы айта бастады. Солардың ең ақырғысын – кеше Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.

Жұмаш Көкбөрі, ақын, қоғам қайраткері:

- Ол АЭС-ті басқа емес, Ресейге салғызса, қазақты жою мың есеге артады. Қасиетті Абай елінде қырық жыл қырғын жасаған Семей полигонының маңында өскен мен үшін Ресей салатын АЭС - Семей жеріне қырық жыл қырғын жасаған сол бір есепсіз атом бомбаларымен бірдей жантүршігерлік апат екенін ашық айтамын!.

Мына менің туған әкем, анам, әпкем, інім, әкемнің інісі, басқа да қаншама жерлестерім осы аты жаман қатерлі ісіктен көз жұмғанын мен қалай ұмытайын? Ол рак ауыруы жаңағы қырық жыл қазақ жерінде жарылыс жасаған атом бомбасының әсері екенін мен жақсы білемін. Осы АЭС-ты салғызғысы келгендердің барлығы да қазаққа дос емес! Олардың ойы қазақты орысқа қайтадан құл ету! Осындай теріс пиғылдылардың көзі жойылсын! Қазақ жеріне АЭС салдырмайық!

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522