Қазақстандық жеңіл атлет Марина Аитова Афинадағы IAAF жарысында гран-при иеленді
Алматы.14 шілде. ҚазТАГ - Қазақстандық жеңіл атлет Марина Аитова Афинадағы IAAF жарыстарында биікке секіруден гран-при иеленді.
Афинаға келмеген бұрынғы бәсекелестері неміс Ариана Фридрих пен хорват Бланка Власичтің жоқтығын пайдаланған Марина Аитова 199 см нәтижемен американдық Эми Экафф (195 см) пен ресейлік Виктория Клюгинаны (191 см) артта қалдырды .
Бұл - Марина Аитова осы маусымда қол жеткізіп отырған алғашқы табыс емес. Еске сала кетейік, маусым айында Берлиндегі Алтын лиганың бірінші кезеңінде ол 193 см бикітікті бағындырып, қола медальға ие болған еді.