Білім министріне шұғыл ұсыныс
Мектепте оқушы "Алтын белгі" алу ұшін барлық пәндер (сабақ) үшін жанталасады да, өзінің индидуалды қабілетіне зиян келтіреді. Бұл оның мамандық таңдаудағы мақсатын төмендетеді, қабілетін шашыратады. Нәтижесінде оның кей салада алған білімі эклектикалық форматта қалып қояды. Сөйтіп, ол мектепте қаланған "эклектиканы" мектеп бітірген соң, яғни, қалаған мамандығы бойынша оқу барысында ғана қайта қарауға, толықтыруға мәжбүр болады...
Олай болмас үшін не істеу керек?
Ол үшін біз, біріншіден, дарынды оқушыны "жанды компьютер" деп санауды тоқтатуымыз керек.
Екіншіден, Министрлік "Алтын белгі" номинациясын дифференциациялауы қажет. Яғни, мектеп бітірушіге "Математика саласынан "Алтын белгі", "Тарих пәні бойынша "Алтын белгі" және т.т., болмаса, "Жаратылыстану ғылымдары бойынша" және "Гуманитарлық ғылымдар бойынша" және "Математика бойынша" деп бөлсе де дұрыс болатын сияқты.
Бұл өте тамаша болар еді. Ол оқушыны қабілетіне сай білімін терең алуына көмектеседі. Бұл жерде, қалған сабақтарының белгілі бір пайызы (мысалы, он не он бес пайыз мөлшері) "жақсы" болуы мүмкін.
(Ал қандай да бір пәннен "орташа" бағасы бар оқушы "Алтын белгі" ала алмайды әрине).
Ұстаздар, бұған не ойларыңыз бар?
Әбдірашит Бәкірұлы
Abai.kz