Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
4961 22 пікір 23 Ақпан, 2022 сағат 13:15

Мамай: Оппозиция күш біріктірді

Кеше тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамай біріккен оппозиция құрылғанын өзінің Facebook парақшасында жариялады. Ол ел патриоттарын одаққа қосылуға шақырды.

«Біз, Қазақстанның демократиялық күштері, халық мүддесін қорғау үшін бас біріктіріп, бірлесіп әрекет етуге шешім қабылдадық.

Қаңтар қырғыны тұсында жүздеген адам ешбір тергеу мен сотсыз атылды, түрмеге қамалды және адам айтқысыз азаптауға ұшырады. Жыл басында ондаған мың адам бейбіт түрде алаңдарға шыққан тұста, Назарбаев — Тоқаев режимі наразылықты асқан қатігездікпен басып, адам құқығы мен бостандығын аяққа таптады, Диктаторлық режим бейбіт халықты қанға бөктіріп, бейбіт митингілерді жауыздықпен таратты.

Өкінішке қарай, дәл сол кезде наразылықты басқара алатын халықтың өкілетті органы және режим оппоненттерін біріктіре алатын ұйымы болған жоқ. Нақты талаптарды қоятын және халықты ерте алатын үйлестіру орталығы немесе оппозициялық күштердің біріккен кеңесі болмады.

Опоозициялық күштер бас біріктіруі тиіс дегенді халық көптен айтып жүр. Демократиялық күштердің біріккен орталығының қажеттілігі де сөзсіз. Қаңтардың басынан біз, Қазақстан демократиялық оппозициясының өкілдері, өзара келіссөздер жүргізіп, біраз ақылдастық. Көп мәселені талқыладық. Қоғамды жік-жікке бөлу үшін билік осы аралықта өздерін «оппозиция» қатарына жатқызғысы келетін түрлі сайқымазақтарды шығарып, бірнеше ұйымды құрып үлгерді. Енді біз бас біріктіріп, белсенді әрекетке көшпесек, бұл ұлттық мүддеге қарсы әрекет бола ма деп қауіптенеміз.

Сондықтан, біз, Қазақстанның демократиялық оппозициясының өкілдері, бірігудің басталғанын мәлімдейміз. Бұдан былай біз бір тудың астына жиналып, «Біріккен қазақ оппозициясының» атынан әрекет етеміз”, - деп жазды ол. Мамай біріккен оппозицияның негізгі мақсаты – «Қазақстанда парламенттік басқару жүйесін енгізу» деп хабарлады.

Abai.kz

22 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1414
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2990
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1062
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 993