Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
4400 7 пікір 1 Наурыз, 2022 сағат 14:10

Тергеуде азаптау жасағандар қамалды

Қазақстанның бас прокуратурасы ұсталған азаматтарға қарсы тергеудің рұқсат етілмеген тәсілдерін қолданды деген күдікпен тоғыз қызметкер ұсталғанын мәлімдеді.

Мекеменің Қылмысты тергеу қызметінің басшысы Серік Шалабаевтың айтуынша, қаңтар оқиғаларынан кейін азаптау мен қызмет бабын асыра пайдалану айыптарымен 203 адамға қылмыстық іс қозғалған. Оларды арнайы прокурорлар тергеп жатыр.

16 ақпанда бас прокуратура қаңтар оқиғаларына байланысты "тергеудің рұқсат етілмеген тәсілдерін" қолданды және азапталуға байланысты 363 арыз түскенін мәлімдеген. Қазір сегіз іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Қазақстанда қаңтар оқиғалары бойынша мыңдаған адам ұсталып, жүздеген адамға "терроризм", "жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру", "қару-жарақ сақтау" секілді айыптар тағылды. Ұсталғандардың дені тергеу кезінде азапталғанын мәлімдеді. Ішкі істер министрлігі болса, тергеу кезінде азаптау болғанын теріске шығарған.

Ресми мәлімет бойынша, азаптау кезінде алты адам қайтыс болған. Құқық қорғау ұйымдары қаңтар оқиғаларын тергеуге халықаралық мамандарды шақыруды сұраған. Бірақ билік оның қажеті жоқ деп мәлімдеді.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 946
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2437
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 651
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 634