Сенбі, 23 Қараша 2024
2477 2 пікір 1 Наурыз, 2022 сағат 14:13

Зеленский ЕО-ға мүше болуы туралы арызға қол қойды

Украина президенті Владимир Зеленский өлкенің Еуропа одағына (ЕО) мүше болып кіруі туралы арызға қол қойды. Бұл туралы мемлекет басшысының өзі "Телеграм-каналына" жазып, қол қою кезінің және құжаттың суретін жариялады.

Арыз Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйенге жазылды. Құжаттың қашан қаралатыны белгісіз. Осыған дейін өлкенің премьер-министрі Денис Шмыгал Украина ұйымға арнайы тәртіппен керетінін білдірген.

Осыған дейін Зеленский видео үндеу жасап, Еуропа одағына шұғыл түрде Украинаны қосуды сұраған. Ол украин армиясы өз жері үшін ғана емес, жалпы Еуропа үшін соғысып жатқанын айтып, "ұйымға кіруге лайықты" екенін жеткізген.

Ресей президенті Владимир Путин "Донбасстағы халықты қорғау" туралы мәлімдемесінен кейін орыс әскерлері 24 ақпанда Украинаға басып кірді. Бес күннен бері Украинаның барлық аймақтарында соғыс жүріп жатыр.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364