Сенбі, 10 Қазан 2026
3189 5 пікір 2 Наурыз, 2022 сағат 12:08

99-ы қолдады: Дариға депутаттықтан кетті

Мәжіліс депутаттары Дариға Назарбаеваның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы келісімге келді.

"Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Конституциясына және Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы заңға сәйкес өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш беруіне байланысты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізді", - деді ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов.

Депутаттар Назарбаеваның отставкаға кетуін қолдап, дауыс берді. "99-ы қолдап, біреуі қарсы болды. Қаулы қабылданды", - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 924
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1235