Мемлекеттік кірістер комитеті @SalyqBot сандық салық кеңесшісін іске қосты
Салық және кеден мәселелерін халыққа түсіндіру, халықты хабардар ету және кері байланыс алу бойынша жедел көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Telegram-да Чат-боты іске қосылды. Чат-ботты 1 наурыздан бастап «@SalyqBot» атауымен немесе https://t.me/salyqbot тікелей сілтемесі арқылы табуға болады.
@SalyqBot – сандық салық кеңесшісі, қазақ және орыс тілдерінде әзірленген, өте пайдалы мына функциялары бар:
- пайдаланушыға салық берешегінің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты лезде алуына мүмкіндік береді;
- салық төлеушілерге көлік құралдары салығы мен өсімақыны өз бетінше есептеуге көмектеседі;
- қажетті анықтамалық ақпаратты білуге, салық күнтізбесін пайдалануға мүмкіндік береді;
- жеке немесе заңды тұлғаның қажеттілігіне байланысты пайдалы жаңалықтар мен хабарламалар жібере алады;
- пайдаланушыларға МКК қатысты өзекті тақырыптар мен мәселелер туралы бейне сабақтар мен бейне нұсқаулықтар арқылы мәлімет береді;
- заңды тұлғалар үшін төленген сомалар туралы ақпаратты білуге мүмкіндік береді.
Чат-боттың МКК байланыс орталығына келіп түсетін өтініштер негізінде әзірленген деректер базасы бар, бұл пайдаланушыға оператордың қатысуынсыз салық және кеден заңнамасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға лезде жауап алуға мүмкіндік береді.
Пайдаланушы әрқашан да берілген жауаптарға баға қоя алады, сонымен қатар сұрақ қоюға, чат-бот операторына тікелей өтініш немесе тілек жазуға мүмкіндіктер қарастырылған.
Ағымдағы жылы Чат-ботты дамыту бойынша жұмыс жалғастырылады, оның төңіректе салық төлеушілерге көптеген қосымша мүмкіндіктер беріледі, мысалға, салық есептілігін ұсыну мерзімін, салықтарды төлеу мерзімін өткізіп алмау, банк шоттарын бұғаттау (тыйым салу) туралы және басқа да маңызды ақпаратты білу.
Мемлекеттік қызметтерді алу процесінде байланыстарды барынша азайту, яғни, Мемлекеттік кірістер органдарына баруды болдырмау, уақытты үнемдеу және мәліметтер алу сапасын жақсарту және оны дамыту үшін @SalyqBot сандық салық кеңесшісіне жазылыңыз және оны тиімді қолданыңыз.
Курманали Асқар Ғалымбекұлы
Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы
Abai.kz