Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4848 0 пікір 20 Шілде, 2009 сағат 20:01

Назар аударыңыздар! Интернет - конференция

Аға, «Саржайлау» қымыз орталығының өнімдері «Найман» қымызы, «Қоңырат» қымызы, «Керей» қымызы деген атпен шығып жатыр. Бұл нені білдіреді? Жарнама үшін солай жасап отырсыздар ма, әлде мұның басқа да себептері бар ма?

Ғалым Сұрағанұлы, Талдықорған қаласы


Қымыз өндіруді бастамас бұрын Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, кереметтей қымыз ашытады-ау деген аймақтағы ата-апалармен танысып, әңгімелестім. Сондағы ұққаным, күбіні ыстап, қымыздың дәмділігі мен хош иісін шығару үшін әр өңірде әртүрлі әдіс қолданылады екен. Спирт пенен судан ғана тұратын арақтың мыңдаған түрі болғанда, неге қымыздың бес-алты түрін шығармасқа деген ойға қалдым. Әр адамға әртүрлі иіс пен дәм ұнауы мүмкін емес пе?

 

Ең дәмді, ең тәтті қымыз қай өңірдің қымызы деп білесіз?

Ерсін Бақытбек, Қарағанды облысы

Меніңше, ең дәмді қымыз - Арқаның қымызы, бұл шөбінің құнарлылығына байланысты. Бірақ та, бабы табылмаса, қай жерде  болмасын тәтті қымыз шықпайды.  Бар мәселе - қымыздың бабын таба білуде.

Аға, «Саржайлау» қымыз орталығының өнімдері «Найман» қымызы, «Қоңырат» қымызы, «Керей» қымызы деген атпен шығып жатыр. Бұл нені білдіреді? Жарнама үшін солай жасап отырсыздар ма, әлде мұның басқа да себептері бар ма?

Ғалым Сұрағанұлы, Талдықорған қаласы


Қымыз өндіруді бастамас бұрын Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, кереметтей қымыз ашытады-ау деген аймақтағы ата-апалармен танысып, әңгімелестім. Сондағы ұққаным, күбіні ыстап, қымыздың дәмділігі мен хош иісін шығару үшін әр өңірде әртүрлі әдіс қолданылады екен. Спирт пенен судан ғана тұратын арақтың мыңдаған түрі болғанда, неге қымыздың бес-алты түрін шығармасқа деген ойға қалдым. Әр адамға әртүрлі иіс пен дәм ұнауы мүмкін емес пе?

 

Ең дәмді, ең тәтті қымыз қай өңірдің қымызы деп білесіз?

Ерсін Бақытбек, Қарағанды облысы

Меніңше, ең дәмді қымыз - Арқаның қымызы, бұл шөбінің құнарлылығына байланысты. Бірақ та, бабы табылмаса, қай жерде  болмасын тәтті қымыз шықпайды.  Бар мәселе - қымыздың бабын таба білуде.

Қымыз неғұрлым ұзақ тұрған сайын соғұрлым күшті бола түспей ме? Ондай қымызды қазақ «құнан қымыз», «дөнен қымыз», «бесті қымыз» деп жатады. Қазір сол «бесті қымыздар» туралы түсінік қалмай бара жатқан сияқты. Сұрайын дегенім, қымыздың бұдан да басқа атаулары бар ма? Болса, оның қасиетімен қоса талдап айтып беріңізші?

 

Сапар Мұратұлы, Талдықорған қаласы

 


Дұрыс айтасыз, қымыз күн асқан сайын ашып, қышқылдылығы арта түседі.  Қышқылдылығы өте жоғары қымыздың пайдасынан зияны көбірек болуы мүмкін. Мемлекеттік стандарт бойынша ондай  «күшті» қымызды сатуға болмайды.  Негізі, денсаулығында кінәраты бар адам жуас қымыз: құнан, болмаса дөнен қымыз ішуі керек. Ал дені сау адам бесті қымыз ішсе де болады. «Ауруға ем, сауға қуат дәрі қымыз» деп Жамбыл бабамыз жырлап кеткен ғой. Үнемі қымыз ішіп өскен ата-бабаларымыз инфаркт, инсульт, асқазан жарасы деген сияқты ауруларды білмеген де ғой.

Ұдайы қымыз ішіп жүрген адамда:

1.      Зат алмасу процесі қалпына келеді, бұл деген денсаулықтың бірден-бір кепілі;

2.      Қан тазартылып, оның құрамында гемоглобин көбейеді. Ал дәрігерге барғанда денсаулығыңызды тексеру үшін ең алдымен қан алып, оның құрамын анықтайтынын білеміз;

3.      Қан тамырлары кеңейіп, қан айналымы жақсарады. Бұл дегеніңіз, адам ағзасын инфаркт, инсульт деген аурулар меңдемейді деген сөз;

4.      Күніне жарты литр қымыз ішкен адам ағзасы С витаминімен толық қамтамасыз етіледі. Бұл өз кезегінде иммунитетіңізді көтеріп, ағзаңыз түрлі ауруларға қарсы өзі күресе алатындай жағдайға жетеді.

5.      Бұдан да басқа ондаған аурулардың алдын алатынын ғалымдар дәлелдеп берген. Бұл жайында Интернеттен көптеген мағлұматтар табуға болады.  Болмаса, жақын арада  біздің www.kymyz.kz веб-сайтынан керек материалдарды тауып, оқуға мүмкіндік аласыз.

 

Мерзімді басылымдардан Сіздің сұхбаттарыңызды оқыдым. Телеарналардан да ептеп көрініп жүрсіз. Мұныңыз дұрыс. Жақсы іске бүгін насихат та, жарнама да керек. Бұл ретте білгім келетіні, Сіздің баспасөзге арналған арнайы медиа-жоспарыңыз бар ма, әлде реті келгенде сөйлеп қалып жүрсіз бе?

 

Бек Датұлы, Алматы қаласы

 


Реті келгенде сөйлеп қалып, көрініп қалып жүрген жайым бар.  Медиа жоспар жасап, тұрақты түрде жарнамамен айналысу мол қаражатты қажет етеді, әзірге ондай қаражат жоқ бізде. Қымызды насхаттау тұрғысында қазақ  деген қаны бар ақпарат құралдарында қызмет етіп жүрген замандастарымыздан көмек күтеміз.

Биліктегілер немесе билікте кеудесіне нан піскен туысқаны барлар қазір рейдерлік дегенді кәсіп етіп алған. Сондай нәндер ісіңізге кедергі келтіріп, қоқан-лоққы жасай қалса, қайтесіз? «Саржайлауды» беріп құтыласыз ба, жоқ болмаса күресесіз бе?

 

Ермек Қабимұрат, Алматы қаласы

 


«Саржайлаудың» қазіргі күнде арық тоқтыдай ғана жағдайы бар.  Қараған адамның сілекейі шұбыратындай, өңгеріп алып кетсем дегендей жағдайға жеткізу үшін әлі көп тер төгу керек, көп уақыт керек. Ол кезге дейін рейдерлік деген пәленің де жаназасы шығып қалар деп үміттеміз.

 

Жаңылыспасам, бір сұхбатыңызда «он мың адамға жұмыс тауып бере аламын» деген болатынсыз. Бүгінгідей қаржы дағдарысы қос өкпеден қысып, ірі кәсіпорындардың керегесі күйреп жатқанда, Сіз қайтіп мұншама адамға жұмыс тауып бермексіз?

 

Шолпан Аймұратқызы, Атырау қаласы

 


Қазақстанда 1 млн 500 мыңнан астам жылқы бар. Соның  ішіндегі биелерінің 30 пайызын сауар болса, мыңдаған жұмыс орындары ашылар еді. Қымыздың өнеркәсіпке айналмай жүргені, оны ұзақ уақытқа сақтау технологиясын әлі ешкім толық меңгере қойған жоқ.  Соны біз меңгеріп отырмыз. Енді жер-жерден шағын зауыттар ашып, биелерді жаппай сауа бастауға мүмкіндік туды.  Әрине, сонша зауыттар ашу қазірше біздің қолымыздан келе қоймайды. Ол үшін мемлекет тарапынан қолдау керек.  Сонда он мың емес, одан да көп адамды жұмыспен қамтуға болар еді

 

Шетелдік сарапшылар өзімен-өзі томаға тұйық отырған Өзбекстанның экономикасы қазір өрлеу үстінде деген пікірлер айта бастады. Олардың зерттеулері бойынша аймақтағы шикізат қорына бай Қазақстан артта қала бастаған сияқты. Алдағы күзде елімізде жұмыссыздықтың жаңа бір толқыны болатын көрінеді. Бізде өзі не болып жатыр? Кәсіпкер ретінде бұған не айтасыз?

 

Серік Тұрсынов, Астана қаласы

 


Базарға, дүкенге барғанда, болмаса кез келген үйге барғанда толып тұрған заттарға қарап, біздің елімізде өндірілгенін  таба алмай дағдарамыз. Өзі  ештене өндірмейтін, бәрін шет елден сатып алатын мемлекетте жұмыссыздық та көп болатыны, экономикасының да мешеу күйде қалатыны мектеп жасындағы балаларға аян.  Халқымыз да, мемлекетіміз де өндіріске бет бұрмаса, көштің соңында шаң қауып қалуымыз әбден мүмкін.

Өткенде Кәрім Мәсімов мұртын сылап отырып, «Ауылға дағдарыс барған жоқ» деді. Ауыл деген бізде үнемі дағдарыста отыратын субьект емес пе? Шынында да ауыл дағдарысты сезінбей отырған болар. Осыған келісесіз бе?

Айбар Әміреев, Кереку қаласы

 


Менің бір ауылдасым айтады: «Дағдарыс сендерге енді келіп жатқан болар, бізге баяғыда-ақ келген, етіміз үйреніп кетті»

 

Ауылда да дастарханына қалалықтар сияқты бәрін сатып алып қоятын қатындар пайда болды. Осыны мен өз басым қазақты ерттеп мініп алған еріншектік деп білемін. «Қазақтың дастарханы бай» деп күпінеміз. Өтірік. Қазақтың дастарханында қазір түк жоқ. Әлі күнге ірі қалаларда қазақтың ұлттық дәмханасы жоқ. Сырттан біреулер келсе қонақ етуге қорынатын халге жеттік. Сіздер, кәсіпкерлер, қайда қарап жүрсіздер?

Еркеғали Бабасалықтегі, Астана қаласы

 


Еріншекпіз дегеніңізге мен де қосыламын.  Шынында «Бай дастархан деп» құрт пен ірімшік, қымыз бен шұбат, кілегей мен қолдың сары майы, қатығы мен женті күнделікті (тек қонақ күткенде ғана емес) тұрса  айтуға болар еді.  Ірі қалаларда бір де бір таза ұлттық  дәмхананың жоқтығы бар қазақтың намысының аяққта тапталып жатқандығы деп білемін мен де. Қымыз мейрамханасын ашуға талпынып жатырмыз, дайындығымыз әжептәуір, тек  қаражат мәселесі қол байлау болып тұрғаны.

Өзіңіз туралы білгіміз келеді. Отбасыңызда нені қадыр тұтасыздар? Қандай дәмді ұнатасыз? Балаларыңызға нені ғибрат етіп айтып отырасыз? Қандай кітаптарды оқығанды ұнатасыз? Телеарналардан қандай бағдарламаларды көресіз? Демалысыңызды қалай өткізгенді ұнатасыз? Достарыңыз кімдер?

 

Балсұлу, Аружан, Динара, Қызылорда қаласы

 


 

Бір әйелім, үш ұлым бар, шешем, ағайын туғандарым бар. Отбасымызда білім мен еңбекті қадыр тұтуға тырысамыз. Дүние жүзін көп шарладым, сондағы ұққаным, қазақтың дәміне, тамағына жетерлік дәм жоқ, тек бабына келіп жасай алса. Балаларыма шамам жеткенше адал болып,  өмірлерін еңбек пенен білім іздеп өткізсе ғана  мақсаттарына жететіндерін айтып отыруға тырысамын. Тарихи, философиялық кітаптарды көп оқимын, бірінші орында ұлы Абай, әрине. Телеарнадан жақсы түсірілген тарихи фильмдер болса, көруга тырысамын. Демалысымды қаланың сыртында, тауда өткіземін, реті келсе атпен саяхат жасаймын. Ең жақын достарым  - кішкентайдан бірге өскен ауылдастарым, сыныптастарым.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371