Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2024
Билік 2621 1 пікір 14 Наурыз, 2022 сағат 12:23

Бас прокурор: Қазақстан өзінің тәуелсіздігінде мұндай қатыгездікке алғаш рет тап болды

Бүгін Бас прокуратура, Ішкі істер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және басқа да мемлекеттік орган басшылары «қаңтар оқиғасына» қатысты тергеу барысы туралы депутаттар сауалына жауап беру үшін Парламент мәжілісінің жалпы отырысына жиналды.

Бас прокурор Берік Асылов бастапқыда наразылыққа шыққандар саяси мәселені көтермегенін айтады.

«Митингілер бастапқыда бейбіт болғаны өздеріңізге белгілі. Бірінші қаңтардан бастап бастыс өңірдегі тұрғындар газ бағасын төмендетуді талап етті. Яғни ешқандай саясат болған жоқ, таза әлеуметтік-экономикалық талаптар қойылды. Өңірге жедел түрде жолдаған Үкімет комиссиясы газ бағасына қатысты талаптарды қанағаттандырды. Осыған қарамастан, Алматы, Шымкент және басқа өңірлерде адамдар көшеге шықты. Солардың жалпы саны екі күнде 50 мыңнан асты», - деді Бас прокурор.

«Басында жиындар бейбіт сипатта өтті. Алайда жағдайдың бақылаудан тыс шығуы қатері сағат сайын арта бастады. Сондықтан әкімдер мен депутаттар халықпен сан рет кездесіп, қоғамдық тәртіпті бұзбауды сұрады. Ал прокурорлар жер-жерде наразылық акцияларының заңсыздығын және оларға қатысты қатысу үшін жауапкершілікті түсіндірді», - деді Берік Асылов.

Abai.kz

1 пікір