Әзірбайжандық БАҚ: «Ердоғанға Назарбаев керек»
13 наурызда Әзірбайжандық «Haqqin.az» сайтында «Ердоғанға Назарбаев керек» деген мақала жарияланған еді. Аталған мақала қазақ тілді аудиторияға қызық болар деген ойман, қазақ тіліне аударып, Abai.kz оқырмандарының назарына ұсынғанды жөн көрдік.
Назарбаевтың Анадолы дипломатиялық форумына Ердоғанның жеке шақыруымен келуі және оның Түркия Президентімен кездесуі Оның (Назарбаевтың) әлемдік деңгейдегі қайраткер және үлкен саясаттың нағыз айсбергі екенін тағы бір дәлелдейді. Өздеріңіз білетіндей, айсбергтің су бетінде тек 10%-ы ғана бар, қалғаны су астында жасырылған.
Қаңтар айындағы Оның (Назарбаевтың) кланына мүше адамдардың төңкеріс жасау әрекетінен кейін патриархтың тағдыры басқаша болуы мүмкін еді. Әрине, Оны ешкім сотқа бермес еді, бірақ, оның өмірі кенет «қазамен» аяқталуыда ғажап емес еді. Қасым-Жомарт Тоқаев Онымен бітімгершілік келісімге келе алды. Дегенмен бұл келісімдер Назарбаевқа қанша тұратынын жақын арада анықтайтын боламыз.
Қазақстанның қазіргі Президенті өзінің «рухани әкесін» елдің саяси өміріне қандай да бір ықпал етудің теориялық мүмкіндігінен де айырды. Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесі мен Қазақстан халықтары Ассамблеясын өмір бойына басқару құқығынан айырылды. Тұңғыш Президент атауын өзгерткен билік партиясының төрағасы қызметінен де кетті. Оның төңірегіндегілер биліктен мүлдем аластатылды – біреулер қызметінен айырылды, ал біреулер темір торға қамалды.
Назарбаевтар кланының да қаржы-экономикалық жағынан қаны тамған – мүлкінің басым көпшілігі басқалардың қолына өтіп кеткен деп айту артық болар. Әрине, біраз дүние қалды. Бірақ бұрынғымен салыстырғанда ұсақ-түйек дүние. Алайда, өз жасындағы патриархқа көп нәрсе де керек емес. Ең бастысы ол аман қалды.
Осы жылдың ақпан айында берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев: «Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттігіміздің іргетасын қалады, елді нығайтуға зор үлес қосты. Оның қызметіне объективті баға беруге міндеттіміз. Тұңғыш Президенттің кемшіліктері болса, оны жас көшбасшылар тәрбие ретінде қабылдау керек», - деп сөйлеген.
Міне, бұл патриархтың қазақ билігінің жаңа буынынан, өз кланымен жасырын соғыста жеңіске жеткен ұрпақтан алған индульгенциясы еді. Осылайша, патриарх Қазақстанның ішкі саясатын тастап кетті. Халықаралық саясатқа қатысу және міндетті емес. Оның түркі әлеміндегі, Қытайдағы және посткеңестік кеңістіктегі және өз еліндегі байланыстары әркімге қажет. Патриархтың басында өзі араласуға мүмкіндік алған әрбір әлемдік көшбасшының бірегей деректер базасы бар.
Әлемдік саясаттың қазіргі сырлары ол үшін ашық парақ. Ердоған патриархты кеңесші ретінде қажет етеді. Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлы жақын арада Түркі кеңесінде құрметті лауазымға ие болады. Онда оның тәжірибесі барынша тиімді пайдаланылады. Патриарх өзінің бейбіт күзіне лайық болды және ол туралы көбірек еститін боламыз.
Аударған Керімсал Жұбатқанов,
Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Abai.kz