72,97% дауыс: Түрікмен тағы Аркадагтың ұлына өтті
Ғұрбанғұлы Бердімұхамедовтың ұлы Түрікменстанда өткен президенттік сайлауда жеңіске жетті
Түркіменстанның қазіргі президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедовтың ұлы Сердар Бердімұхамедов елдегі президенттік сайлауда жеңіске жетті.
"Сердар Бердімұхамедов Түркіменстан президентінің сайлауында 72,97% дауыс жинап жеңіске жетті", - деп хабарлады сейсенбіде Түрікменстанның Орталық сайлау комиссиясы.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркіменстанды 2007 жылдан бері басқарып келе жатқан президент Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов ел дамуының жаңа кезеңінде мемлекеттік басқаруды жастарға беру керектігін айтқан болатын. Осыған байланысты ол Орталық сайлау комитетіне тиісті жұмысты бастауды тапсырды.
Нәтижесінде ОСК 12 наурызға мерзімінен бұрын президенттік сайлау күнін белгіледі. 14 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бердімұхамедовтың мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастамасын қолдаған болатын. Ақырында сайлауға түсуге "жастардың атынан" президенттің ұлы Сердар ұсынылды.
Abai.kz