Жексенбі, 24 Қараша 2024
3163 8 пікір 15 Наурыз, 2022 сағат 14:58

"Ортақ валюта": Қазақстанның ресми жауабы

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев интернетте пайда болған ЕАЭО мен Қытай арасындағы тәуелсіз халықаралық валюта-қаржы жүйесін құру жобасын әзірлеу туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. 

"Министрлік деңгейінде мұндай мәселе күн тәртібіне қойылмады. ЕАЭО аясында өзекті мәселелер күн тәртібіне қойылып, талқыланатын белгілі бір платформалар бар. Мысалы, ведомствоаралық органдар, мемлекетаралық органдар. Ал мына ақпарақ негізсіз», - деді Жамаубаев үкімет отырысынан кейін тілшілерге жауап беріп.

Министр қазақстандықтарды және БАҚ өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

"Құдайға шүкір, бізде Ақорданың да, үкіметтің де, мемлекеттік органдардың да Telegram арналары бар. Мен халықты мұндай қауесеттерге байланысты үрейленбеуге және жағдайды тағы ушықтырмауға шақырамын", - деп түйіндеді министр.

Бұған дейін БАҚ-та ЕАЭО мен Қытайдың жаңа ортақ валютаны енгізу көзделіп отырған тәуелсіз халықаралық валюта-қаржы жүйесінің жобасын әзірлейтіні туралы ақпарат пайда болған еді.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543