Жексенбі, 13 Қазан 2024
1426 0 пікір 16 Наурыз, 2022 сағат 11:23

Украинада Fox News телеканалының журналисі қаза тапты

Украинадағы соғыстан хабар таратып жүрген Fox News телеканалының журналисі, оператор әрі фотограф Пьер Закржевский Киев маңындағы Горенка ауылында оқ тиіп, көз жұмды. Ол 55 жаста болған. 

Телеканалдың бас директоры Сюзанна Скотт марқұм журналист Ирак, Ауғанстан, Сирия, Украинаға дейінгі барлық халықаралық жанжалдардың ортасында жүріп хабар таратқанын айтты. Әріптестері Закржевский өз ісінің шебері болып деп еске алып жатыр.

Мәліметке қарағанда, Закржевскиймен бір көлікте болған Fox News телеканалының тағы бір журналисі Бенжамин Холл ауыр жарақат алған. Бұдан бөлек украин басылымдары жергілікті журналист Александра Кувшинова да оқ тиіп қаза тапқанын хабарлады.

Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенконың айтуынша, Fox News журналистерінің алған жарақаттарына қарағанда, олар миномёт және артиллериялық атқылауға тап болған. Геращенко оқ орыс әскерлері тарабынан атылғанын айтты.

13 наурызда Киев облысы Ирпень қаласында америкалық журналист Брент Рено мертболып, оның әріптесі ауыр жарақат алған.

New York Times басылымының редакторы Брент Реноның өлімін ауыр қабылдағанын жеткізіп, ол 2015 жылға дейін NYT тілшісі болғанын айтты.

Abai.kz

0 пікір