Төлен ТІЛЕУБАЙ. Екіұшты емеурін
Сөз ауызда тұрғанда біз оған әміршіміз,
сөз ауыздан шыққан соң ол - бізге хакім.
Халық даналығы
Бұл жетіде де «хит-шерудің» жалғасы. Тағы да сол қаржы полициясының ресми мәлімдемесі. Тағы да біреулер ұсталып, бәлен миллион жеп қойыпты. Арасында ата-бабасының қисық салтына салып, көрші елден бір үйір жылқыны айдап келген барымташы да жүр. Бірақ көпшілікті еріксіз елең еткізген тағы бір дерек бар.
- Қаржы полициясы Қазақстан аумағынан шығып кеткен Альянс банкі директорлар кеңесінің төрағасы Марғұлан Сейсембаевқа ешқандай айып тақпайды, - деп мәлімдеді сәрсенбідегі дәстүрлі брифингте Экономикалық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай. - Оның елден не себеппен қашқанын білмеймін. Сондай-ақ бүгінгі күні Альянс банкі акционерлеріне қатысты қаржы полициясы ешқандай қылмыстық іс қозғаған жоқ, тергеу алдындағы тексерулер де жүргізілген жоқ.
Сөз ауызда тұрғанда біз оған әміршіміз,
сөз ауыздан шыққан соң ол - бізге хакім.
Халық даналығы
Бұл жетіде де «хит-шерудің» жалғасы. Тағы да сол қаржы полициясының ресми мәлімдемесі. Тағы да біреулер ұсталып, бәлен миллион жеп қойыпты. Арасында ата-бабасының қисық салтына салып, көрші елден бір үйір жылқыны айдап келген барымташы да жүр. Бірақ көпшілікті еріксіз елең еткізген тағы бір дерек бар.
- Қаржы полициясы Қазақстан аумағынан шығып кеткен Альянс банкі директорлар кеңесінің төрағасы Марғұлан Сейсембаевқа ешқандай айып тақпайды, - деп мәлімдеді сәрсенбідегі дәстүрлі брифингте Экономикалық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай. - Оның елден не себеппен қашқанын білмеймін. Сондай-ақ бүгінгі күні Альянс банкі акционерлеріне қатысты қаржы полициясы ешқандай қылмыстық іс қозғаған жоқ, тергеу алдындағы тексерулер де жүргізілген жоқ.
Сол күні қаржы полициясының ресми мәлімдемесін ести сала Альянс банкінің баспасөз қызметі мынадай ақпар таратты: Альянс банкінің директорлар кеңесінің төрағасы Марғұлан Сейсембаев маусым айында жазғы демалысын алып, Қазақстан аумағынан шығып кетті.
«Сеймар Альянс қаржы корпорациясы» жұртты екі ойлы еткен екіұшты әңгімеге тосқауыл қоймақ болып, М.Сейсембаевтың шетелге кетуінің демалыстан басқа себебі жоқ екенін хабарлады. Алайда белгілі кәсіпкердің қашан оралатыны туралы нақты ақпар жоқ. Орайы келгенде айтайық, Ресейде банкирлер қарыздан құтылғанша, демалысқа шықпайды. В.Путиннің әмірі сондай. Банктің баспасөз қызметі сәрсенбідегі хабарламасында «Сеймар Альянс қаржы корпорациясының» басқарма төрағасы Сәкен Сейфуллиннің «Ол демалыста жүрсе де, тыным таппай, директорлар кеңесінің шешімдеріне және банктің қарызын қайта жүйелеу ісіне белсенді араласуда» деген түсініктемесін де келтіріпті.
Сонымен... «Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды» дейміз бе, әлде бұл жер астынан жік шығару секілді дүрлігу ме? Бір анығы, түрлі сыбыс ел арасында гулеп жүр.
Әлде жақында ғана Еуразиялық банк төрағасы Жомарт Ертаевтың қызметінен алынуы Марғұлан Сейсембаевқа да бір тықыр таянғанын сездірді ме екен? Аяқастынан шетелге кетіп қалған БТА банктің экс-басқарма төрағасы Роман Солодченко өзінің блогында бұл оқиғаға былай түсініктеме берді: «Ертаевтың қызметінен кетуі «Сеймардың» акционерлеріне сұқ саусақты шошайту сияқты. Бәлкім, Марғұланның банк акцияларының 75 пайызын 100 теңгеге ұсынуы біреулерге жақпай қалған шығар».
Оның үстіне соңғы кездері Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко пайыздық мөлшерлемені шамадан тыс өсіріп жіберген бірнеше банктің басшыларына «тісін қайрап» жүр. «Бұл банктердің депозиттік салымдардың пайызын көтергені түсініксіз. Олардың бұл ақшаны қайда салатыны және 20 пайыздан жоғары мөлшерлемеге кімді несиелейтіні белгісіз», - дей келе, ол үш банктің басына қара бұлт үйірілетінін астарлап жеткізді. «Егер бұлай жалғаса берсе, біз олардың аттарын да жариялаймыз» деп қосып қойды бас банкир 10 маусымда журналистермен жүздесуінде. Бірақ... былыққа батқан қандай банктер екенін ашып айтпады.
Кім калай айтса да, Альянс банктің бүгінгі халі аса мәз емес. Сыртқы қарызының көлемі - шамамен 4 млрд доллар. Соның 560 млн долларын биыл жыл соңына дейін қайтаруы керек. Банк өзінің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау үшін құрамына тоғыз халықаралық банк кіретін несиегерлер комитетімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Қарыздарды қайта құрылымдаудың бес түрлі бағытын ұсынды. Солардың ішінде несие есебінен шетелдік инвесторлардың банкке акционер ретінде кіруіне мүмкіндік берілетін бөлім бар. Бұл ұсынысты ә дегеннен-ақ бірқатар халықаралық банктер құп көруде. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Альянс банкіне тиесілі акциялардың 66 пайызын сатып алуға ниет білдіріпті.
Міне, осындай қарбалас кезеңде Сейсембаевтың демалысқа кетуі қызық-ақ. Ал өзі осы аптадағы басты жаңалықты былай топшылайды.
Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаевқа қатысты гу-гу әңгіме қызып-ақ тұрғанда, «Время» газетінің тілшілері оның өзімен телефон арқылы тілдесіпті. Міне, қызық! Ол шетелде жайбарақат жүріп, Қаржы полициясының оқыс мәлімдемесін естіп, аң-таң болған көрінеді.
- Қаржы полициясының «Мені елден қашып кетті!» деген мәлімдемесі - барып тұрған арандату! - деп түсініктеме беріпті Сейсембаев мырза. - Құзырлы органның сыртымнан тон пішіп, мұндай мәлімдеме жасауы мені қатты қайран қалдырды. Олардың маған тағатын ешқандай айыбы жоқ болса, өз елімнен қашып қайда барам?!. Мен тек жазғы демалысқа шығып кеттім. Оны шет жерде өткізетінімді ешкімнен жасырған жоқпын, бұл туралы достарымның барлығы біледі. Ал еңбек демалысымның мерзімі - 1 қыркүйекке дейін. Қалта телефоным да, роумингім де желіге қосулы тұр. Егер де қаржы полицейлерінің маған қоятын сұрақтары болса, хабарлассын. Айтпақшы, біз банктің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау жөніндегі келісімге қол қойдық. Мен бұл шаралардың барлығына тікелей араластым. Бәлкім, базбіреулер Альянс банкінің айналасындағы ахуалдың қалыпты болғанын қаламайтын шығар.
Бұл - білікті банкир, абыройлы азаматтың ағынан жарылып тұрып айтқаны. Ол «времялық» әріптестеріміздің «Еңбек демалысыңыз біткен соң елге ораласыз ба?» деген сауалына «Қаржы полициясының мынадай мәлімдемесінен кейін тіпті білмеймін ...», - деп жауап беріпті.
«Жас қазақ» газеті, №28, 17.07.2009