Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2628 7 пікір 24 Наурыз, 2022 сағат 14:11

Мұнай экспорты: Қазақстан өзге жолдарды іздеуде

«Қазақстан мұнай экспорттаудың баламалы бағыттарын қарастырып жатыр»,-  деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумымен теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру мерзімдері бойынша консультациялар өткізіп жатыр. Бұл ретте мұнай экспортын баламалы бағыттар бойынша ұлғайту мүмкіндіктері пысықталып жатыр», - делінген ҚР Энергетика министрлігі ақпаратында.

Естеріңізге сала кетейік, 22 наурызда қатты дауылдан Новороссийск маңында теңіз терминалындағы жылжымалы айлақ құрылғылары зақымданған. Нәтижесінде КҚК арқылы мұнай экспортын үш есе қысқарту қаупі туындады. Бұл мұнай жеткізуді тәулігіне 1 млн баррельге дейін қысқартып тастауы мүмкін.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420