Украина соғысы: Байден Еуропаға келді
АҚШ президенті Джо Байден мінген ұшақ Брюссельге қонды, ол НАТО елдері басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді деген жоспар бар.
Бейсенбіде Байден НАТО елдерінің кезектен тыс саммитіне қатысады деп жоспарланған. Басты тақырып Украинадағы жағдай болмақ. Украина президенті Владимир Зеленский Брюссель саммитіне қатысушыларға бейнебайланыс арқылы қосылып, сөз сөйлейді деп жоспарланған.
Жұмада АҚШ президенті Польшаға ұшып, келесі күні ел президенті Анджей Дудамен кездеседі. Америкалық Politico газетінде жарияланған мақалада Байден қозғайтын негізгі тақырып ЕО-ның ресейлік мұнай мен газға тәуелділігі мәселесі екені айтылған.
Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен отырыс алдында Еуроодақтың "Ресейге тәуелділігін азайтуға" ұмтылуы аясында Еуропалық одақ АҚШ-тан сұйытылған газ жеткізуге мүдделі екенін айтты.
Abai.kz