Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 2308 2 пікір 25 Наурыз, 2022 сағат 12:26

Ресей интернетсіз қалса, Қазақстан қайтпек?..

Ресейге салынған санкциялар күшею үстінде. Батыс агрессорды экономикалық және саяси тұрғыдан қыспаққа алуын жалғастыруда. Ресейдің әскери шығыны орасан, кей деректер бойынша ол 15 мың адамнан көп болуы мүмкін. Соғыстағы шығынын жасыру және ел ішіндегі ақпараттық басымдыққа ие болу үшін Ресей билігі танымал әлеуметтік желілерге тыйым салып, бұғаттап жатыр. Facebook пен Instagam қазірдің өзінде Ресейде бұғатталды. Өзге де әлеуметтік желілерді жартылай бұғаттау, тыйым салу процесстері қарастырылу үстінде. 

Батыс тарапы Ресейді интернеттен ажырату мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Бұл Ресей үшін өте ауыр шешімнің бірі болар еді. Себебі мемлекеттік қызметтің басым бөлігі, кәсіпкерлік сала мен онлайн сауда, білім беру мен медицина, әскери саланың өзі интернетпен тікелей байланысқан. Сарапшылар Ресейді интернеттен ажырату SWIFT жүйесінен ажыратудан әлдеқайда күштірек деген пікірде.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін, әлемге танымал бірқатар компаниялар Ресеймен жұмыс істеуден бас тартты. Олардың ішінде Gogent пен Lumen Tecnologies атты интернет таратушы танымал компаниялар да бар. Cogent АҚШтағы провайдерлік ірі компания болып саналады. Ол Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Еуразия, Аустралия, Африка құрлықтарындағы интернетке қосу желілерін орнатқан. Жалпы компанияның 97 мың шақырым сыртқы және 63 мың шақырым қалалық желілері бар. Lumen Technologies компаниясы да ірі провайдерлік компанияның бірі болып саналады. Ол әлем бойынша 800 мың шақырым интернет желісінің кабеліне жауап береді. Міне, осы екі гигант Ресей нарығынан кетті.

Ресейден өзге де компаниялар кетуі мүмкін. Бұл туралы олар Ресей билігінің шешіміне байланысты шешім қабылдайтынын айтып отыр. Украинадағы соғыс жалғасын тапса, интернет жеткізуші компаниялар елден кететінін айтып отыр. Ресейден ірі компаниялар кете бастағандықтан, интернет бағасын өзге компаниялар қымбаттатуда. Қазірдің өзінде 30 пайызға қымбаттаған.

Қазақстан интернет трафиктің 95 пайызын Ресей аумағы арқылы алады. Бұл туралы Internet Society Kazakhstan компаниясының директоры Талғат Нұрлыбаев мәлімдеді.  «Қазақтелеком» еліміздегі интернет жеткізу бойынша ірі компанияның бірі. Компанияның мәліметінше Ресей аумағынан бөлек, өзге де бағыттар бар.

АҚШ-тағы Kentik компаниясының интернет анализі директоры Даг Мадоридің ойынша Қазақстанның интернеті Ресейге өте тәуелді. Қазақтелекомның өзі ресейлік «Ростелеком», «Транстелеком», «МегаФон», VEON және China Mobile (Russia) арқылы интернетке қол жеткізіп отырғанын айтады.

Сарапшылар Ресейді интернеттен ажыратса, онда Қазақстан Қытай бағыты арқылы интернет алатынын айтады. Алайда ол жағдайда интернет жылдамдығы төмендейді. Орталық Азиядағы Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның жағдайы бұл жағдайда қиындайды. Себебі олар интернеттің басым бөлігін біз арқылы алады дейді сарапшылар.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1467
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5388