Сауд Арабиясында әйелдер әскери қызметке алынбақ
Енді Сауд Арабиясында әйелдер шекарашы қызметін атқара алады. Бұл туралы Arab news арнайы хабар таратты.
Сауд Арабиясының Ішкі істер министрлігі 24 наурызда қатардағы әскери шені бар шекарашы қызметін атқарғысы келетін әйелдерді қабылдау мен тіркеуді ашқанын хабарлады. Оқуға түсуге өтініштер 26-31 наурыз аралығында қабылданады.
Бұған дейін 2021 жылдың ақпан айында Сауд Арабиясының Қорғаныс министрлігі әйелдерге қарулы күштер қатарында қызмет етуге рұқсат берген болатын. Сауд Арабиясы армиясының, Сауд Арабиясының Корольдік әуе қорғаныс күштерінің, Сауд Арабиясының Әскери-теңіз күштерінің, Сауд Арабиясының Корольдік зымырандық күштерінің және Қарулы күштердің медициналық қызметіндегі әйелдерге қатардағы жауынгерден сержантқа дейін әскери атақ беруге рұқсат етілді.
2021 жылдың қыркүйегінде Сауд Арабиясында әйелдерді әскери қызметке алу туралы алғашқы жарлық шыққан еді.
Abai.kz